Архив событий

15/10/2021

Сот жер учаскелерін заңды иелеріне қайтарды

15/10/2021

Н. ауылының тұрғыны төрт пәтерлі тұрғын үйден пәтер сатып алды.

Ол аулалары бар пәтерге меншік құқығын тіркеді.

Жер учаскесін рәсімдеу кезінде бүкіл жер телімін (төрт пәтер үшін) бір көршінің жеке меншігінде екені белгілі болды.

Ауыл әкімі бір пәтер иесінің меншігіне жер телімін берді.

Іс жүзінде қалған үш пәтердің иелері жерсіз қалды.

Сот шешімімен ауыл әкіміне жер телімін меншік құқығын беру туралы шешімді жарамсыз деп тану туралы талап қанағаттандырылды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Павлодар қалалық сотының судьялары келісу комиссияларын оқытуға қатысты

15/10/2021

Павлодар облысы кәсіподақтары аумақтық бірлестігінің шақыруымен ынтымақтастық туралы меморандум аясында Павлодар қалалық сотының судьялары А. Кульбаева және А. Баймұхамбетова экономиканың әр түрлі салаларындағы кәсіпорындардың келісукомиссияларының мүшелерін оқытуға қатысты.

Оқыту семинарына қатысқан 183 қатысушының назарына еңбек заңнамасының негіздері туралы білім алуға және даулы тараптарды татуластыру мақсатында медиация рәсімдерін меңгеруге арналған ақпарат көлемін қамтитын оқу бағдарламасы ұсынылды.