Архив событий

07/10/2021

"Талапкерге мемлекеттік грант қайтарылды"

07/10/2021

Павлодар облысы МАӘС шешімімен жеке сот орындаушысының әрекетіне дау айту туралы Әкімшілік талап қанағаттандырылды.

Талаптың мазмұнынан мемлекеттік бағдарлама аясында талапкерге мемлекеттік грант берілгені, бірақ бұл ақша талапкердің есеп айырысу шотына түскен кезде, сол күні оларды атқарушылық іс жүргізу шеңберінде ЖСО алып қойғаны белгілі болды.

Сонымен қатар, мемлекеттік грант талапкерге мемлекеттік бюджет қаражатынан тек қана нысаналы пайдалану үшін берілді, ал пайдаланылмаған жағдайда талап қоюшы осы грантты қайтаруға міндетті.

"Мемлекеттік сатып алу саласындағы жеңімпаздың құқықтарын қалпына келтіру"

07/10/2021

Павлодар облысының МАӘС жеткізуші уәкілетті органға мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу туралы бұйрықты заңсыз деп тану туралы талап-арызын қанағаттандырды. 

Талапкер мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы болып анықталды. Алайда ол шартқа уақтылы  кезінде қол қойған жоқ.

Электрондық қаржы орталығының ақпаратына сәйкес, шартқа қол қою мерзімі кезеңінде порталда өнім беруші тарапынан авторизация және іс-қимыл болған жоқ. Соңғысы мемлекеттік сатып алу порталына кірмеген.

Сот жылу энергиясымен қамтамасыз ету қызметтерін көрсету берешегінің есебін жарамсыз деп таныды

07/10/2021

Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен ЖК «С»-тің «П» ЖШС-не талап арызы бойынша жауапкердің есептеуі мен әрекетсіздігін заңсыз деп тану туралы азаматтық іс қаралды.

Іс материалдарында көрсетілгендей, 2020 жылы ЖК «С»-пен «П» ЖШС арасында жылу энергиясын жеткізу бойынша қызмет көрсету туралы келісім жасалды.

2020 жылдың 13 қазанында энергия беруші ұйым Объектіні орталық жылытуды бастау үшін жабу клапандарынан пломбаны алу фактісі бойынша тексеру актісін жасады.