Архив событий

19/10/2021

Тіркеуші органның әрекетіне әкімшілік талап қою бойынша медиация рәсімі

19/10/2021

2021 жылғы 13 қазанда Павлодар облысының МАӘС талапкер В. мен тіркеуші орган арасында жасалған медиативтік келісімді бекітті.

Павлодар қаласының тұрғынына жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шартын мемлекеттік тіркеуден бас тартылды.

Әкімшілік орган талапкерге шартты тіркеуден қандай себептермен бас тартылғанын көрсеткен жоқ.

Сотта бас тартуға мемлекеттік тіркеу үшін алым төленгені туралы түбіртекті ұсынбау себеп болғаны анықталды. Бұл ретте, В. бұл алымды уақтылы төледі.

Алдын ала тыңдау тағайындалғанға дейін сот Тараптармен татуластыру рәсімін өткізді.

Сот әкімдікке жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзартуды міндеттеді

19/10/2021

Талапкер К. жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін жалға алды.

Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту үшін уәкілетті органға жүгінген кезде оған бас тартылды.

Талапкер К.жер учаскесін жалдау мерзімін ұзартудан бас тарту туралы шешімнің күшін жою туралы сотқа жүгінді.

Сот шешімімен талап қанағаттандырылды.

Талапкердің талаптарын қанағаттандыра отырып, сот талапкердің жер учаскесін оның мақсатына сәйкес игергенін ескерді. Үйдің құрылысы жүргізілді.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес талапкердің осы учаскені жаңа мерзімге жалға алуға басым құқығы бар.

Павлодар облысының кәсіподақ қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерімен кездесу өтті

19/10/2021

Павлодар облысы кәсіподақтары аумақтық бірлестігінің шақыруымен Павлодар облыстық сотымен жасалған Ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру аясында «Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік процестік кодексін қолданудағы өзекті мәселелер» тақырыбында диалог алаңы өткізілді.

Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Ә. Бақтияров пен судья Г. Юсупова баяндамашылар болды.

Бейнеконференцбайланыс форматында өткен диалог алаңына Павлодар облысының бастауыш, жергілікті қоғамдық кәсіптік бірлестіктерінің, филиалдарының 92 өкілі қатысты.

Салықтық дау бойынша қолайсыз актінің күшін жою

19/10/2021

Павлодар облысының МАӘС-мен ЖШС-нің салық органына іс-әрекеттерді даулау және шешімнің күшін жою туралы талап арызы бойынша әкімшілік іс қарады.

ЖШС медициналық мақсаттағы жеке қорғану үшін пайдаланылатын тауарларды әкелді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №21 шешімімен ЕАЭО аумағында короновирустық инфекцияның таралуының алдын алу және болдырмау үшін импортталатын тауарларды кедендік әкелу бажын төлеуден босату түріндегі жеңілдіктер беріледі.