Архив событий

14/08/2014

Сот залынан

14/08/2014

ҚР ӘҚБтК-нің 330 бабының 1 бөлігіне сәйкес ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, қоғамдық тәртiптi және азаматтардың тыныштығын бұзатын, төңiрегiндегiлердi сыйламаушылықты бiлдiретiн басқа да iс-әрекеттер айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.

Азамат А. қоғамдық орында, Тереңкөл ауылы Елгин көшесіндегі «Союз» дүкенінің жанында азамат Н-ді балағат сөздермен қорлап, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғаның тыныштығын бұзған.

Жыл ішінде қайта әкімшілік құқық бұзды

14/08/2014

Успен аудандық сотымен Павлодар облысы Успен ауданы Новопокров ауылының тұрғыны Б.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Ол Успен ауданының Қоңырөзек ауылында автокөлікті мас күйінде жүргізіп, бір жылдың ішінде қайта әкімшілік құқық бұзуды іске асырды.

Медициналық сараптама азаматтың орта дәрежедегі мастану жағдайында болғанынын көрсетті.

Б. сот отырысында кінәсін толық мойындап, өзінің іс-әрекетіне шын жүректен өкінетіндігін айтты.