Архив событий

22/08/2014

Ақсу қалалық сотында өткен «Сот кабинеті» семинары

22/08/2014

21 тамызда Ақсы қалалық соты «Сот кабинеті» электрондық сервисі арқылы талап арыздарды жіберу» тақырыбында семинар өткізді.

Аталмыш шараға Ақсу қаласының коммуналдық, мемлекеттік ұйымдарының өкілдері қатысты.

Сот төрайымы К.А.Темирова семинарды ашық деп жариялап, кеңсе меңгерушісі м.а. Д.М.Турсунов электрондық қызмет ресурстарын қолдану жайлы өз баяндамасын назарға ұсынды.

Сонымен қатар, арнайы заңгерлер үшін талап арыздарды жіберу реті тәжірибе жүзінде көрсетілді.

Бүгінгіні игеру

22/08/2014

ҚР Жоғарғы сотының «Сот кабинеті» электрондық сервисін енгізуіне байланысты Павлодар облыстық сотының кеңсесі аталмыш сервисті азаматтардың, коммуналдық мекемелер мен ұйым заңгерлерінің қолдануын белсенді қамтамасыз етуде.

Атап айтқанда, Павлодар облыстық сотының кеңсесі, жергілікті соттар «Сот кабинеті» тақырыбын бұқаралық ақпарат құралдарында жария етіп (Жоғарғы сот және Павлодар облыстық сотының сайты, облыстық басыдымдарда жарық көрген мақалалар мен интервью), көптеген дөңгелек үстелдер ұйымдастырды.