Архив событий

12/08/2014

Сот залынан

12/08/2014

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 2013 жылғы 20 желтоқсандағы қаулысымен ЖШС қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 147 б. 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша өндіріс әкімшілік жауапкершілікке тарту мерзімінің өтіп кеткендігінен тоқтатылды.

Павлодар облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының 2014 жылғы 29 шілдедегі қаулысымен жоғарыда көрсетілген бірінші сот инстанциясының қаулысы күшін жойып, іс бойынша жаңа қаулы шығарылды.

Сот залынан

12/08/2014

ҚР ӘҚБтК-нің 79-5 бабының 1 бөлігіне сәйкес былапыт сөйлеу, қысым жасау, үй нәрселерін жарамсыз ету және әкімшілік жауапқа тартылған азаматпен отбасылық-тұрмыстық қатынаста болған өзге де азаматтарды құрметтемеу, олардың пәтерде немесе жекеменшік үйде тыныштығын бұзса, бiрақ Қылмыс жазалау белгілеріне жатпайтын іс-әрекеттер – ескерту немесе үш тәулікке әкімшілік қамауға әкеп соғады.

Май аудандық сотымен Көктөбе ауылының тұрғыны азамат Р-ға қатысты әкімшілік іс қаралды

12/08/2014

Іс құжаттарынан, азамат Р. бір жылдың ішінде бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған, осыған қарамастан мас күйінде, өзінің үйінде азаматтық некедегі әйелімен жанжалдасқан және оның балағаттап, қорқытқан, өзінің мінез-құлқымен балаларды шошытқан.

Сот отырысында азамат Р. өзінің кінәсін толық мойындаған.

Сот қаулысымен азамат Р. ҚР ӘҚБтК-ң 79-5 бабы 2 бөлігі бойынша 15 (Он бес) тәулік мерзімге әкімшілік қамау жазасына тартылған.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.