Архив событий

19/08/2014

Ұмытылмас декларация

19/08/2014

ҚР ӘҚБтК-нің 206-2 бабының 1 бөлігіне сәйкес келеңсiз себептермен мемлекеттiк қызметтен босатылған адамдардың мемлекеттiк қызметтен босатылғаннан, сол сияқты аталған адамдардың жұбайының (зайыбының) кiрiстер, мүлiк туралы декларацияларды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамада көзделген басқа да мәлiметтердi бермеуi, дер кезiнде бермеуi немесе толық емес, дәйексiз мәлiметтер беруi, - айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

И.А. Гусевке қатысты қылмыстық іс

19/08/2014

2014 жылдың 19 тамызында Ақсу қалалық сотымен судья С.Н.Пономареваның төрағалық етуімен И.А. Гусевке қатысты қылмыстық іс қаралуы басталды.

Ақсу қаласы прокурорының сотқа беру қаулысымен көлік жүргізуші адамның жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан әрекет деген айыппен И.А.Гусев сотқа ҚР ҚК 296 бабының 3 бөлігімен берілді.