Мемлекеттік органдар арасында «Электрондық құжат алмасу бірыңғай жүйесі» арқылы өзара құжат алмасу атты тақырыпқа семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Железин аудандық сотында Мемлекеттік органдар арасында «Электрондық құжат алмасу бірыңғай жүйесі» арқылы өзара құжат алмасу атты тақырыпқа семинар сабағы өткізілді.

Аталған іс шараға  кеңсе меңгерушісі, сот отырысының хатшылары мен кеңсе мамандары қатысты.

Іс шараны өткізу барысында бас маман – сот отырысының хатшысы З.Тусупбекова ЭҚАБЖ-нің  негізгі мақсаттары яғни  Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының өзара құжат алмасу процесстерінің тиімділігі мен ашықтылығы айтып өтті.  Қазіргі таңдағы бүкіл әлемдік экономикалық жаһандастыру  шегінде, интеграциялық процестерінің өрістеуі нәтижесінде мемлекеттік органдарының өзара ашықтық пен тиімділігін жоғартуын қажет етеді. Негізгі мәселелер болып Мемлекеттік информациялық жуйелері мен ресурстарын бірыңғай ақпараттық жуйеге енгізілуі болып табылады. Қазақстан Республикасында мемлекеттік органдарының өзара электрондық құжат алмасуы ЭҚАБЖ-мен жүзеге асырылады.

Сонымен қатар сот мамандарымен  ЭҚАБЖ-нің негізгі құқықтық легитимділіктің электрондық кілт арқылы жүзеге асырылуы артылықшыларын, технологиялық процесстердің дайындалу  автоматизациясы, тіркеу, құрылымдау,  сақтау, архивациялау, іздеу,  өңдеу,  құжаттардың шығарылуы мен жіберілуі талқыланды.

Семинар сабағының қорытындысында сот мамандары өзара қызығушылық тудыратын сұрақтарды, пікірлерін  талқылап, құжаттардың алмасу уақытының  қысқарылуын, тиімділігін айтып өтті.

Источник: 
Железин аудандық сотының баспасөз қызметі