Павлодар қалалық сотымен жеке сот орындаушыға қатысты шағым қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар қалалық сотымен жеке сот орындаушысы С-тың іс-әрекетіне қатысты М-ның шағымы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талапкер оны пәтерден шығаруға туралы атқару өндірісі жеке сот орындаушысының өндірісінде болғанымен ынталандырды. Аталған шешімді атқару кезінде жеке сот орындаушысы ҚР «Сот орындаушыларының мәртебесі мен атқару өндірісі туралы» Зағының талаптарын өрескел бұзған. Атап айтқанда, мүлік тізімдемесі жасалмаған, сот орындаушысы қорғаншы және қамқоршы органдардың қатысуын қамтамасыз етпей, талапкердің кәмелетке толмаған балаларын үйден шығарды. Талапкер жеке сот орындаушысының мүлік тізімдемесін жасамауын, қорғаншы және қамқоршы органдардың қатысуын қамтамасыз етпеу іс-әрекетсіздігін, балаларды үйден шығару әрекеттерін, сонымен қатар бала күтуші М-нен міндеттемелері мен жазбаша түсініктемелерін алып қою бойынша, үйден шығару актісі бойынша заңсыз деп тануды, сол сияқты жеке сот орындаушысының қызметін өтеу сомасын төлеу туралы бекіту мен атқару өндірісі туралы қаулыны тоқтатуды сұрады.

Сот шешімімен шағымды қанағаттандырудан бас тартылды.

Сот орындаушысы Заңмен қойылатын талаптардың барлығын орындалғаны сотпен анықталды. Бұнын бәрі өндіріп алушылар мен куәгерлер қол қойған үйден шығару туралы акттен көрінісін тапты. Шешімнің толық орындалуына байланысты өндіріс сәйкес қаулыны шығару мен жеке сот орындаушысының қызметін өтеу сомасын анықтау арқылы негізді түрде тоқтатылды.

Сол сияқты сотпен жеке сот орындаушысының балаларды шығару әрекеті жасалмағаны анықталды. Осыған орай осы бөлімнің шағым дәлелдері қанағаттандырылмады, сол сияқты қорғаншы және қамқоршы органдардың қатысуынсыз сот орындаушысының іс-әрекетсіздігі қанағаттандырылуға жатпайды. Үйден шығару кезінде сот орындаушысының мүлік тізімдемесін жасамауыы борышкердің құқықтарын бұзған жоқ, сондықтан бұл шағым да қанағаттандырылмады.

Одан басқа сот өтініш берушы құқығын теріс пайдаланды деген шешімге келді, бұл Азаматтық Кодекстің 8 бабына сәйкес шағымды қанағаттандырудан бас тарту үшін жеке негіз болып табылады.

Шешім заңды күшіне енді.

Источник: 
Павлодар қалалық сотының баспасөз қызметі