Павлодар қалалық сотында «Құқықтық көмек көрсетумен байланысты шет елдері соттарының тапсырмаларын орындаудың тәртібі» тақырыбына арналған семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар қалалық сотында сот мамандары қатысқан «Құқықтық көмек көрсетумен байланысты шет елдері соттарының тапсырмаларын орындаудың тәртібі» тақырыбына арналған семинар өтті. Соттың бас маманы Ж.Сайфулина өз баяндамасын сот қызметкерлеріне жеткізді.

Өз баяндамасында Ж.Сайфулина, Қазақстан Республикасының соттары заңмен белгіленген және  Қазақстан Республикасымен ратификацияланған халқаралық шарттар  көлемінде ғана құқықтық көмек көрсететіндігін белгілеп өтті.  

Құқықтық көмек көрсету келесі іс-әрекетті қамтиды: хабарлама мен басқа да құжаттарды тапсыруды және жіберуді, тараптар мен куәгерлерді тыңдау, сараптаманы өткізу және құқықтық көмек көрсету шеңберінде  заңнамада көзделген Қазақстан Республикасымен ратификацияланған халқаралық шарттарға сәйкес басқа да процессуалдық іс-әрекеттерді өткізу.

Семинарды  қорытындылай келе қатысушылар тақырып бойынша пікір алмасып ,мәселелі сұрақтар бойынша өз ойларын айтып кетті.

Источник: 
Павлодар қалалық сотының баспасөз қызметі