Тазалық пен тәртіп үшін

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар қаласының Мамандандырылған әкімшілік сотымен ҚР ӘҚБтК 330 б. бойынша ұсақ бұзақылық үшін, яғни қоғамдық тәртіпті бұза отыра қоршаған ортаға құрметтемеушілік білдіру түрінде қоғамдық жерлерді ластау бойынша ағымдағы жылдың 1 тоқсаны бойынша 301 іс қаралды.

Құқық бұзушылар темекі қалдықтарын, қоқыстарды, шемішке қабықтарын және т.б. заттарды лақтырған, яғни олар қоғамдық жерлерді ластады.

Сот қаулыларымен әкімшілік қамау түрінде әкімшілік жауапкершілікке 38 құқық бұзушы тартылса, 263 азаматтарға қатысты мемлекет табысына 1472340 теңгеден аса соманы құрайтын әкімшілік айыппұл түрінде жазаға тартылды.

Павлодар қаласының
мамандандырылған әкімшілік сотының
Баспасөз-қызметі

Қайнар: 
Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз-қызметі