Жалған құжатпен шеқараны өту үшін Черногория Республикасының азаматы әкімшілік жазаға тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Железин аудандық сотымен   белгіленген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртіпті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара режимiн бұзу фактісі бойынша Черногория Республикасының азаматы П.-қа қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Іс материалы бойынша, Черногория Республикасының азаматы П. 12.07.2017ж., Л. Сербия Республикасының азаматымен «Форд» автокөлікті басқаруымен, Қазақстан Республикасы Павлодар қаласына Ресей Федерация  арқылы, «Красная звезда Республики Сербии және Ертіс Павлодар» командалар арасында өтетін футболды матчты көруге келгенін көрсетті. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шеқараны және төлқұжат бақылауын өту кезінде   Сербия Республиасының азаматы К.-нің төлқұжатын ұсынды.

Сот отырысында П. кінәсін толығымен мойындап, өзінің танысының Сербия Республиасының азаматы К.-нің төлқұжатын алғанын, себебі Черногория Республика азаматтарына Қазақстанға кіру үшін келу рұқсатнамасы керектігін, ал Сербия Республикасының азаматтарына рұқсатсыз кіруге болатынын түсіндірді.

Сот қаулысы бойынша П.,  ӘҚБК  514 б. 2 б. сәйкес құқық бұзушылық жасағанына айыпты болып танылып, Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен шығарып жiберу жазасы тағайындалды.

 Қаулы заң күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Железин аудандық сотының баспасөз қызметі