2013 жылдың соңында сот өндірісіне «Қазақстан индустриялық-құрылыстық Компания» ЖШС жұмыскерлерінің еңбекақыны өндіріп алу туралы 53 талап ету арызы келіп түсті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Істің желісі: Сотқа «Қазақстан индустриялық-құрылыстық Компания» ЖШС-нен еңбекақыны өндіріп алу туралы сол серіктестіктің жұмысшыларынан талап арыз келіп түсті. Онда, ЖШС 2012 жылдың желтоқсанынан 2013 жылдың қыркүйегі аралығында еңбекақы төлемеген. Бұдан басқа талапкерлер ЖШС еңбекақыны есептеу мен төлеуде екі бөлікке бөлді: біріншісінде еңбекақының орнатылған мөлшері қызметақы түрінде, ал екінші бөлігін сыйлық ақы. ЖШС-де сыйлықақы беру туралы ереже жоқ және сыйлықақы беру туралы бұйрық жарияланбаған. Жауапкердің электрэнергия, металл бұйымын пайдалануға бермеген кесірінен жұмыста тұрып қалды.

53 талап ету арызынан сотпен 15 іс қарастырылды, қалған 38 арыз сотқа дейінгі дайындықты өткізу барысында арызданушылармен қайтарып алынды, істің материалдарында сәйкес арыздар бар.

Сот отырысында 15 талапкер сотты өздерінің талаптарын толық көлемде қанағаттандыруды сұрады. Сот отырысында арызданушылардың ұстанымын прокуратура қолдады, сот отырысына қатысқан өкіл талаптар негізді екенін айтты және сотты толық көлемде оларды қанағаттандыруды сұрады. «Қазақстан индустриялық-құрылыстық Компания» ЖШС жауапкер өкілі жұмыскерлердің талап ету арызымен келіспеді, сотты қуынымды қабыл алмауын сұрады.

Аталған азаматық істі қарастыру барысында еңбекақы бойынша берешектің болуы туралы арызданушылардың дәлелін растайтын жағдай сотпен орнатылды. Арызданушылардан сотқа дәлел ұсынылды: еңбекақы бойынша берешек туралы анықтама, жұмыс уақытын есептеу табелі, штаттық кесте, орындалған жұмыстың наряды, арызды ұсынудың негізін растады.

Еңбек шарты және ақшалай қаражатты жартылай аудару туралы дәлел ғана сотқа ұсынылған, сотпен жауапкер өкілінің дәлелі негізсіз деп танылды.

Сотпен істер 2013 жылдың 19 қарашасында қарастырылды. Сот шешімімен 15 талапкердің арызы жартылай қанағаттандырылды. 15 шешімнен «Қазақстан индустриялық-құрылыстық Компания» ЖШС апелляциялық тәртіппен 12 шешім шағым берілді. Павлодар облыстық сотының азаматтық және апелляциялық істер бойынша соттың апелляциялық алқасымен 2104 жылдың қаңтарында жауапкердің шағымы жөнінде 12 шешім сотпен шығарылған дәлелділік пен заңдылыққа қарастыру мәнді болды. Барлық шешімдер өзгеріссіз қалды, заңды күшке енді.

Қайнар: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі