Журналистер үшін брифинг

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2014 жылдың 19 наурызында Павлодар қаласының мамандандырылған Әкімшілік сотының төрағасы Е.Т. Үстелбаевпен және БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізілді.

Есен Тілендіұлы ағымдағы кезең бойынша сот жұмысы туралы сөз сөйледі:

Павлодар қаласының Әкімшілік сотымен ағымдағы жылдың 19 наурызына дейін 1974 әкімшілік іс қаралды, осының ішінен әкімшілік жазаның салынуымен 1750 адамға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 324 адам әкімшілік қамауға алынды, 874 азаматқа айыппұл салынды, 40 396 645 теңге көлемінде айыппұл салынды, оның ішінде 9 593 637 теңге өз еркімен төленген.

Осылайша 22 тарау бойынша - ҚР ӘҚБтК Қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық әкімшілік жазаның салынуымен 288 адамға әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 42 адам әкімшілік қамауға алынды, 246 адамға айыппұл салынды, 1 389 000 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Мысалы, ҚР ӘҚБтК 330 б. бойынша ұсақ бұзақылық үшін, яғни қоғамдық тәртіпті бұза отыра қоршаған ортаға құрметтемеушілік білдіру түрінде қоғамдық жерлерді ластау бойынша ағымдағы жылдың 19 наурызына дейін 281 іс қаралды және әкімшілік қамау түрінде әкімшілік жауапкершілікке 38 құқық бұзушы тартылды, 243 азаматтарға қатысты мемлекет табысына 1 361 220 теңгеден аса соманы құрайтын әкімшілік айыппұл түрінде жазаға тартылды, оның ішінде 985 264 теңге өз еркімен төленген.

27 тарау бойынша - ҚР ӘҚБтК- Көліктегі, жол шаруашылығығындағы, байланыстағы және ақпараттандырудағы әкімшілік құқық бұзушылық, әкімшілік жауапкершілікке 10 құқық бұзушы тартылды, әкімшілік қамау түрінде әкімшілік жауапкершілікке 89 құқық бұзушы тартылды, 373 азаматтарға қатысты мемлекет табысына 8 426 600 теңгені құрады.

Мысалға алсақ, азамат Ш., қатысты іс қаралды, ол жол жүру қозғалысы Ережесінің 2.7.1. тармағының талаптарын бұзумен көлік құралын мас күйінде жүргізді.

Сот қаулысымен азамат Ш. ҚР ӘҚБтК 467 б. 7 б. көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танылды және оған 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамау түрінде әкімшілік жаза салынды.

Мысалы, азамат Г., қатысты іс қаралды, ол ҚР жол жүру қозғалысы Ережесінің 17.3 тармағының талаптарын бұзды.

Сот қаулысымен азамат Г. ҚР ӘҚБтК 468-1 б. көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танылды және оған 15 тәулік мерзімге

әкімшілік қамау түрінде әкімшілік жаза салынды және 1 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыру.

29 тарау бойынша - ҚР ӘҚБтК- Мемлекеттік билік институттарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық, әкімшілік жауапкершілікке 46 құқық бұзушы тартылды, әкімшілік қамау түрінде әкімшілік жауапкершілікке 8 құқық бұзушы тартылды, 38 азаматқа айыппұл салынды және мемлекет табысына 631 532 теңгені құрады.

Қайнар: 
Павлодар қаласының Мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз-қызметі
Тегтер: