Архив событий

15/12/2014

Ананың ұқыпсыздығы нәрестенің өліміне әкелді

15/12/2014

2014 жылдың 18 қарашасында Шарбақты аудандық сотымен азаматша  Р.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Ол түнгі ұйқы уақытында өзінің ұқыпсыздығынан жаңа туылған нәрестесін денесімен басып, тыныс алу жолдарын жауып тастаған. Соның салдары нәрестенің өліміне әкелген.

Сотта кінәлі 2014 жылы 13 маусымда таңғы уақытта баланы жанына жатқызып, емізгеннен кейін нәресте ұйықтаған соң өзі де  ұйқыға кеткендігін, ал таңғы сағат 06.30 кезінде оянғанында баланың тыныс алу нышанынсыз шалқасынан жатқанын көрсетті.

Орман ағаштарын ұрлағаны үшін сотталды

15/12/2014

Шарбақты аудандық сотымен азамат Н.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Ол 2014 жылдың 18 тамызында «Ертіс-Орманы» РММ Шалдай филиалдық Степное орман шаруашылығы аумағынан 69  шабылған ағаш бөренелерін, яғни 37, 57 куб.метр көлемінде ұрлап кеткен.

«Ертіс-Орманы» РММ-не 1 633 389 теңге көлемінде материалды шығын келтірілген.