Заңсыз кесілген ағаш үшін айыппұл мен тәркілеу
Ертіс аудандық соты құқықбұзушы К.-ға қатысты әкімшілік іс қарады.
Азамат К. 2014 жылдың 20 қарашасында інісімен бірге Ертіс өзенінің жағалауындағы негізгі күзетілетін аумақта 2 м3 көлемінде «Ива» породалы ағашын заңсыз кесумен айналысқан. Сөйтіп ҚР ӘҚБтК-нің 283 бабының 3 бөлігімен қарастырылған құқықбұзушылық жасаған.
Сот азамат К.-ны кінәлі деп танып, 37040 теңге көлемінде айыппұл түріндегі заңсыз кесілген ағашты тәркілеумен жазаға тартылды.
Қаулы заңды күшіне енді.