Архив событий

19/12/2014

Әкімшілік іс сот өндірісінен қысқартылды

19/12/2014

Май аудандық сотымен Көктөбе ауылының тұрғыны азамат М.-ға қатысты әкімшілік іс қаралған. Іс материалдары бойынша азамат М. өз үйінде, бірге тұрып жатқан азаматшаға өзара ұрыс-керістің салдарынан қол көтеріп, дене жарақатын келтірген.

Сот отырысында М. өзінің кінәсін толық мойындап, істеген іс-әрекетіне өкінді. Жәбірленуші сот отырысында құқықбұзушыны кешірді.

Азамат М-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 79-3 бабы 2 бөлігі бойынша әкімшілік іс тараптардың өзара бітімге келуіне байланысты өндірістен қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енді.