Архив событий

18/12/2014

Павлодар облыстық сотының мәжіліс залында өткен пленарлық отырыста жаңадан тағайындалған судьялар ант қабылдады

18/12/2014

    ҚР Президентінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 965 Жарлығымен Қамалова Жұлдыз, Машанова Жанна, Төлембекова Айнұр Павлодар қалалық сотының, Бұлтықова Динара Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының, Марданов Серік, Машрап Айнаш, Омаров Нұржан, Хамитова Айгүл және Шәріпбеков Еркін Екібастұз қалалық сотының судьялары болып тағайындалған еді. Көпшілік алдында ант қабылдаған жас судьялар азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау жолында бар күш-жігерлерін салып, адал қызмет атқару міндетін алды.

Дөңгелек үстел

18/12/2014

    2014 жылдың 20 қарашасында Екібастұз қаласының Мамандандырылған әкімшілік сотында «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы жаңа Кодекспен ұсынылған новеллалар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел жұмысына Екібастұз қаласының мемлекеттік құрылымдарының, яғни, прокуратура, салық басқармасы, әділет басқармасы, ішкі істер басқармасы, көші-қон бөлімінің, Екібастұз қаласының әкімшілік полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары қатысты.

Белгіленбеген жерде діни мазмұндағы материалдарды сатқаны үшін жазаланды

18/12/2014

    2014 жылы 13 қараша күні Екібастұз қаласының Мамандандырылған әкімшілік сотында осы қаланың тұрғыны азаматша С.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Құқықбұзушы С. белгіленбеген жерде діни атрибуттарын сатумен айналысқан.