Архив событий

12/12/2014

Павлодар облыстық соты Тәуелсіздік күнін атап өтті

12/12/2014

Бүгін Павлодар облыстық сотында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өткізілді. Жиынға облыстық сот төрағасы Ә.Қаженов, облыс төрағалары мен судьялары, сот жүйесінің ардагерлері қатысты.

Адал және мінсіз қызметімен көзге түскен Павлодар облысының сот қызметкерлері мерекеге орай марапатталды.

«Ертіс» футбол клубына қатысты сот отырысы

12/12/2014

Павлодар қаласының № 2 сотының өнідірісіне  ҚР ҚК-нің 103 бабы 2 бөлігі  «д», «е» тармақтары, 251 бабы 4 бөлігі бойынша қылмыс жасағаны үшін айыпталушылар Павлодар қаласының 4 тұрғынына қатысты қылмыстық іс келіп түсті.

Алдын ала тергеу органымен аталған тұлғалар ауыр қылмыс жасағандары үшін айыпталды. Айыпталушылар тобы алдын ала сөз байласып, «Ертіс» футбол клубының қаржыны ұқсату нұсқаулығын орындаумен бірге, басқарушы лауазымына тағайындалған жәбірленушілер денсаулықтарына ауыр зиян келтірген.