Архив событий

30/12/2014

Көлікті мас күйінде басқарған азамат 20 тәулікке қамалды

30/12/2014

Ертіс аудандық сотымен азамат Л.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Ол 2014 жылы желтоқсан айында көлік құралын жүргізуге құқығының болмауына қарамастан, Ертіс ауылында автокөлікті мас күйінде басқарған, яғни ҚР ӘҚБтК-нің 467 бабы 8 бөлігімен көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.

Сотпен азамат Л. ҚР ӘҚБтК-нің 467 бабы 8 бөлігі бойынша айыпты деп танылып, 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу түрінде әкімшілік жазаға тартылды.

Қаулы заң күшіне енді.
 

Заңсыз кесілген ағаш үшін айыппұл мен тәркілеу

30/12/2014

Ертіс аудандық соты құқықбұзушы К.-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Азамат К. 2014 жылдың 20 қарашасында інісімен бірге Ертіс өзенінің жағалауындағы негізгі күзетілетін аумақта 2 м3 көлемінде «Ива» породалы ағашын заңсыз кесумен айналысқан. Сөйтіп ҚР ӘҚБтК-нің 283 бабының 3 бөлігімен қарастырылған құқықбұзушылық жасаған.

Сот азамат К.-ны кінәлі деп танып, 37040 теңге көлемінде айыппұл түріндегі заңсыз кесілген ағашты тәркілеумен жазаға тартылды.

Қаулы заңды күшіне енді.