Архив событий

03/11/2015

Павлодар қаласының №2 сотында сот отырыс қашықтықтан жауап алу тәртібінде өткізілді

03/11/2015

Павлодар қаласының №2 сотының өндірісіне Павлодар облысының тумасына қатысты ҚК 103 бабының 3 бөлігі бойынша қылмыстық іс түсті.

Тергеу органдарының болжамы бойынша құрылыс бригадасының бригадирі болып істеген сотталушы Т. Ресей Федерациясы Новосибирск облысы Баган ауылында орналасқан құрылыстағы көп пәтерлі үйге кіріп, құрылысшы азамат А. отырғанын көріп қалды. Жеккөрушілік танытып, денсаулығына зиян келтіру мақсатымен құрылысшы А.-ны ұра бастады, соның зардабынан азамат А. қайтыс болды. Содан кейін айыпталушы Т. Қазақстан Республикасына өзінің тұрғылықты мекен-жайына кетті.

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты балаларды асырап алу сұрақтары бойынша дөңгелек үстел жұмысына қатысты

03/11/2015

2015 жылдың 29 қазанында «Кенжекол ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» ММ-де «Жанұя» отбасын қолдау бойынша қызмет жұмысының шеңберінде өткізілген дөңгелек үстелде Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы М.А.Иванова «Балаларды асырып алу сұрақтарын заңмен реттеу » дәрісімен сөз сөйледі.

Балаларды асырып алғысы келетін қамқоршылыр мен патронатты тәрбиешілер белсенді қатысып, олардың барлық қойылған сұрақтарына қолданыстағы заңнамаға сүйене отырған толық жауаптар алынды.