Архив событий

24/11/2015

Сот тұрғын үйді күрделі жөндеу жұмысынан кейін пайдалуға қабылдау туралы акті заңсыз деп тану туралы азаматтық істі қарады

24/11/2015

Павлодар қалалық сотымен тұрғындардың Мемлекеттік Қазыналық кәсіпорын мен ЖШС-нің үстінен тұрғын үйді күрделі жөндеу жұмысынан кейін пайдалуға қабылдау туралы акті заңсыз деп тану туралы сотқа түскен талап арызды қарады. Талапкерлер өз талап арызында жөндеу жұмыстары сапасыз, құрылыс нормалары мен ережелер бұзыла отырып жүргізілді деп санайды. Жөндеу жұмыстары  жүргізілгеннен кейін үй тұрғындардың қатысуынсыз тек комиссиямен қабылданған.   

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің новеллалары» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді

24/11/2015

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен «Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің новеллалары» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел жұмысына Павлодар облысының адвокаттар алқасының адвокаттары, № 1,2 заң консультациясының өкілдері, Павлодар қаласының прокуратура бөлімінің аға прокуроры Г.А.Туяқбаева, соттың судьялары қатысты.

«Сот актілерін орындау жөнінде актуалды сұрақтар» тақырыбына дөңгелек үстел

24/11/2015

2015 жылдың 18 қарашасында Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Сот актілерін орындау жөнінде актуалды сұрақтар» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел жұмысына жеке сот орындаушылар палатасының өкілдері қатысты.

Павлодар облысының қылмыстық істер жөнінде апелляциялық сот алқасы «қара риэлторларға» қатысты істі жаңа қаралымға қайтарды

24/11/2015

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2015 жылдың 11 тамызындағы үкімімен А.Сарденешев «Тонауға соқтырған әрекетпен, пайдакүнемдік ниетпен  ерекше айуандық арқылы, әлденеше рет жасаған,  алдын ала сөз байласу арқылы топпен кісі өлтіру», «Басқа қылмыстарды жасыру мақсатында кісі өлтіру», «үлкен көлемде ұрлық жасау», «Қару қолданумен  алдын ала сөз байласу бойынша тонау», сонымен қатар «Үлкен көлемде алаяқтық жасау», «Алаяқтыққа қасқындық жасау»  баптары бойынша кінәлі деп танылды.

Ата-ананың балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны

24/11/2015

ӘҚБтК 127 б.1б. сәйкес ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту бойынша мiндеттердi орындамауы – жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанып жасалған әрекет – жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуға әкеледі.