Архив событий

06/11/2015

Автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет

06/11/2015

Павлодар қ. №2 сотының өндірісіне айыпталушы Павлодар қаласының тұрғыны, Қазақстан Республикасының азаматына қатысты қылмыстық іс түсті.

Павлодар қаласында өз көлігімен келе жатқан айыпталушы А. жол өту белгісінде өтіп жатқан кісіні қоғамдық қауіпті мүмкіндігін көре алмай, қағып кетті. Жол апаты барысында жәбірленуші емханаға жеткізілді, бірақ есін жимай қайтыс болды.

Шарбақты ауданының үш тұрғыны ағаш ұрлағаны үшін сотталды

06/11/2015

2015 жылдың 12 қазанында Шарбақты аудандық сотымен Шарбақты ауданының Есілбай ауылының үш тұрғынына қатысты қылмыстық іс мемлекеттік тілде қаралды. 2015 жылдың 30 шілдесінде аталған ауылдың тұрғындары Шалдай орман шаруашылығы аумағынан 38 дана шикі өскен ағашты жасырын ұрлап кеткен. Қылмыс барысында мемлекетке 355 443 тенге көлемінде зиян келтірілген.

Сот отырысында сотталушылар кінәларын мойындады.

20 тәулік мерзімге қызды әкімшілік қамау түрінде жаза салынды

06/11/2015

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен Павлодар қаласында 2015 жылы 29 қазанда 04:30 сағатта азаматша И. «Ваз 21102» көлік маркасымен Усолка көшесі бойынша жүргізу куәлігі болған жоқ, медициналық актқа сәйкес көлік құралын алкольдік мас күйінде жүргізді, азаматша И. қатысты іс қаралды,

Әкімшілік істі қарау кезінде азаматша И. құқық бұзушы әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кінәсін толық мойындады. Әкімшілік құқықбұзушылық жасаған үшін дауласпады, авто көлікті жүргізу куәлігі жоқ екенін және берілмегені туралы түсіндірді.