Архив событий

04/11/2015

Сот «Кәмелетке толмағандардың бейімделу орталығы» ММ-не анасымен қалтырылған баланың құқығын қорғады

04/11/2015

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының2015 жылдың 15 қазандағы шешімімен 2009 жылы туған кәмелетке толмаған Галинаның анасы Ш. ата-ана құқығынан айыру жөнінде шешім шығарылды. Ол Железинка ауылдық округының Башмачное ауылында тұрғыны. Талапкер «Железинка білім беру бөлімі» ММ-нің кәмелетке толмаған қызын тәрбиелеу мен оқыту бойынша міндетін атқармағаны үшін «Әкімшілік құқықбұзушылық жөнінде» ҚР Кодексінің 127 б.1б.

«Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл» тақырыбына Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшлік сотының қызметкерлерімен жедел кеңес

04/11/2015

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 2015 жылы 2 қарашада   сот төрағасы  Е.Т.Үстелбаев, Павлодар облыстық сотының Кеңсе орынбасары Н.Т.Байтилесов,  Сыбайлас жемқорлықты алдын алу соттарда  ішкі қауіпсізідік бөлімінің басшысы К.З.Кабдиевтың қатысуымен  «Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл» тақырыбына жедел кеңес өткізілді.
Жедел кеңеске қатысқандар судьялар, кеңсе меңгерушісі сот мамандары. Сот қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықа қарсы жол бермеуге жеткізу.

Әжесі немересінің құқығын қорғады

04/11/2015

2015 жылдың 12 қазанында Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен 2013 жылы туған кәмелетке толмаған Лидияның анасы В. ата-ана құқығынан шектеу жөнінде шешім қабылданды. Анасы Павлодар қаласында қызынан бөлек бір жылдан аса тұрады және кәмелетке толмаған қызынын тәрбиесіне  қатыспайды.Баланың заңды өкілі болып, кәмелетке толмаған немересіне қамқорлықты жасауға қажет болған соң,талапкер болып баланың әжесі танылды.Сотта жауап алған куәгерлер баланың анасы ішімдікті шектен тыс пайдаланатын фактісін дәлелдеді.

Құқықбұзушы – телеарна режиссері

04/11/2015

2015 жылдың 20 қазанында Шарбақты аудандық сотымен Монғол Республикасының азаматы, Германия мемлекетінің ФРГ телеарнасының режиссеріне қатысты әкімшілік іс қаралды. 2015 жылдың 19 қазанында «Шарбақты» шекара бекетінде оның ҚР келу ережесін бұзғаны анықталды.

Сот отырысында құқықбұзушы кінәсін толығымен мойындап, Келу ережесін заңды білмегендіктен бұзғанын түсіндірді.

Сот оны ҚР ӘҚБК 517 бабы 2 бөлігі бойынша айыпты деп танып, он бес айлық есептік көрсеткіш 29730 тенге көлемінде әкімшілік айыппұл салу жазасын тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енді.