Архив событий

05/11/2015

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Келісімді жарамсыз деп тану бойынша азаматтық істерді қарау ерекшеліктері» тақырыбы бойынша семинарлық сабақ өткізілді

05/11/2015

Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Келісімді жарамсыз деп тану бойынша азаматтық істерді қарау ерекшеліктері» тақырыбы бойынша семинарлық-оқу өткізілді. Баяндамашы: судья Дробышевская Е.А.

Семинарда келісімді жарамсыз деп тану негіздері мен тәртібі баяндалды және сот тәжірбиесінен мысалдар келтірілді.

Сонымен қатар, келісімді жарамсыз деп тану бойынша азаматтық істерді қарау ерекшеліктері мен өзекті сұрақтары талқыланды.

Көлік құралын жүргізуші жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген қағидаларын бұзған

05/11/2015

Ертіс аудандық сотымен К-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Ол 2015 жылдың 30 қыркүйегінде Ленинск-Иртышск-Русская Поляна автожолында көлікті жүргізіп келе жатып, жылдамдығын күшейтіп, жолдан өткізік бара жатқан 7 бас қойды қаққан, сонымен, К. Ақтоғай ауылының тұрғындарына материалдық зиян келтірген. К-ның әрекеттері ӘҚБтК 610 б. 3 б. сараланған.

Сот отырысында құқықбұзушы кінәсін мойындамай, ол шектелген жылдамдықпен келе жатқанын, сонымен қатар малды шектелген және жарықтанған жерден ғана айдап өтугі болатынын айтты. Жәбірленушілерден келтірілген зиянды кешіруге өтінді.

Ақтоғай аудандық сотымен жеңілдетілген өндіріс тәртібінде қарызды өндіріп алу туралы талап-арызы бойынша азаматтық іс қаралды

05/11/2015

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық сотымен ашық сот отырысында Н-азаматтың М-азаматқа қарызды өндіріп алу туралы талап-арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талапкер, 28 ақпан 2015 жылы жауапекр одан, 2015 жылдың 1 сәуіріне дейін қарызды қайтарамын деп қолхат жазып 356530 теңге сомасында ақшаны қарызға алғанын айтып талап-арызбен сотқа жүгінді. Бірақ М. бүгінгі күнге дейін қарызды қайтармағандықтан, соттан 356530 теңге сомасында қарызды өндіріп беруді өтінді. Сонымен қатар, мемлекеттік баж салығын төлегені бойынша 3566 теңге көлемінде шығынды да өндіруді.

Мас күйінде

05/11/2015

Успен аудандық сотында А азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 106 бабы 1 бөлімі, 379 бабы 1 бөлімі, 380 бабы 1 бөлімі бойынша қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы А. 21 шілдесінде 2015 жылы Успен ауылы Семенченко көшесі 8 үйінде мас күйінде болып, Г азаматымен сөз байланысып, әдейі оған пышағын салған. Азамат Г алған жарақатымен Успен орталық аурыханаға түскен.

Медиатордың көмегімен жәбірленушімен татуласу

05/11/2015

Успен аудандық сотында Г азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 187 бабы 1 бөлімі бойынша қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы Г. 05 қыркүйекте 2015 жылы Ольгино ауылында ЖШС «КХ Тогас С» территориясынан қамылтыр және екі метал бұрыштамаларды ұрлаған. Сот мәжілісінде сотталушы Г. және жәбірленушінің өкілі О. кәсіби емес медиатордың көмегіне жүгініп, медиация жолымен шешімін тапты.

Сот қаулысымен Г.-ға қатысты қылмыстық іс қысқартылды.