Архив событий

18/11/2015

Көлік жүргізуші ЖКО орнын тастағаны үшін жауапкершілікке тартылған

18/11/2015

Ақтоғай аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК 611 б. 2 б. бойынша (жол жүру ережесін бұзу, ЖКО орнын тастау) А-ға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық жөнінде іс қаралды.
2015 жылдың 23 қазанында  сағат 22 шамасында, мас күйінде бола тұра, Ленинс-Ертіс тас жолында «Audi-80» автокөлігімен келе жатып, жолдың қарсы бөлігіне шығып кетіп, «Toyota Camry» автөкөлігімен соқтығыс жасап, оқиға орнынан кетіп қалған.

Темекі тұқылы үшін бес тәулікке қамауға алу

18/11/2015

Ақтоғай аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК 434 б.2б. қарасты әкімшілік құқықбұзушылық жасаған үшін азамат Ш-ға қатысты әкімшілік іс қаралды, яғыни бір жыл ішінде екінші рет ортақ қолданыстағы жерді ластау. 
Іс материалы бойынша азамат Ш. Приреченск ауылы Целинная көшесінде қоғамдық жерде темекінің тұқылын арнайы жәшікке тастамай жерге тастаған.
Алдағы уақытта Ш. берілген ӘҚБтК бабы бойынша жауапкершілікке тартылған.
Сот залында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындап, алдағы уақытта ондай құқықбұзушылықттарды қайталамауға сөз берді.

Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықты алдын алу шеңберінде судьяның колледж студенттерімен кездесуі өткізілді

18/11/2015

Құқықбұзушылықты алдын алудың ең әрекет ететін шараларының бірі, ол жасөспірімдер мен ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстарын өткізу болып келеді.
2015 жылдың 16 қарашасында Ертіс аудандық сотының судьясы Д.Қ.Нұржанова Ертіс агро-техникалық колледжінде «Жасөспірімдердің әкімшілік пен қылмыстық жауапкершілігі» тақырыбында дәріс оқыды.
Кездесу барысында, судья кәмелетке толмағандардың қатысуымен ең көп тараған істер туралы, балаларға қатысты зорлық мәселелері, мемлекетпен балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бағдарламалары жөнінде айтып өтті.

Сот ғимараттарында қауіпсіздік шараларын күшейту

18/11/2015

Ертіс аудандық сотында «Аудандық сот ғимаратының қауіпсіздік шараларын күшейту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
            Іс шараға сот төрағасы А.Т.Нұрғалиев, кеңсе меңгерушісі Т.Т.Мағауов, аға сот приставы В.Ю.Сизов жәңе 3-ші батальон полиция командирі старшина В.В.Беляев қатысты.
Іс шараның өткізілу мақсаты «Күзет» қызметкерлерімен тығыз байланысты нығайту, сотқа қатысушылардың судьялармен және сот қызметкерлерімен процессуалдық емес байланыс болдырмау, сот ғимаратына кіру тәртібін күшейту болып табылады.

Сотқа құрметтемеушілік білдіруге жауапкершілік шаралары

18/11/2015

2015 жылдың 16 қараша күні Май аудандық сотында «Сотқа құрметтемеушілік білдіруге жауапкершілік шаралары» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел жұмысына Май ауданының прокуратура және ішкі істер бөлімінің өкілдері қатысты.
Май аудандық сотының сот приставы С.Сейлханов баяндамамен сөз сөйлеп, 2015 жылы 1-ші қаңтар айынан бастап заң күшіне енген жаңа әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 653 бабында сотқа кұрметтемеушілік білдіру кезенінде қандай жауапқа тартылу шаралары қарастырылғанын және заңның қатайтылғанын айтып көрсетті.

Павлодар облысының судьясына Bad Mergentheim қаласының неміс әріптесі алғыс білдірді

18/11/2015

Ертіс аудандық сотының төрағасы А.Т.Нұрғалиевтің атына Германия Федеративтік Республикасының Бад-Мергентхайм (Baden-Württemberg жері) қаласының бірінші инстанция сотының бірінші басшысынан сот тапсырысын тез арада орындағаны үшін алғыс хат түсті.
2015 жылы Баден-Вюртемберг қаласының сотында Константин Феллердің некені бұзу жөнінде талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.