Архив событий

06/02/2017

Шетел азаматы Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарылды

06/02/2017

06 ақпан 2017 жылы Успен аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 517-бабының 2-бөлігімен Л. қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды.

Л. шетел азаматы бола тұра көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін үш тәуліктен асатын кезең ішіндекетуден жалтарып, Қазақстан Республикасының көші-қон  заңнамасын бұзған. Бұл құқықбұзушылық  полиция қызметкерлерімен тексеру кезінде анықталды.

Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды

06/02/2017

Успен аудандық сотында 2017 жылдың ақпан айының 06 күні Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен құқықбұзушы Е-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік іс құжаттарына сәйкес, құқықбұзушы Е. 18 кантарда  2017 жылы сағат 21:30  шамасында, Таволжан ауылында, «Рысты» асханасында, қоғамдық орында азаматша Ж-ға былапыт сөйлеп, қорлаптиісіп, айналасындарға сыйламаушылық білдіріп, ұсақбұзақылық жасаған. 

Жазаны өтеуден рақымшылықпен босатылды

06/02/2017

Железин аудандық соты  аудандық пробация  қызметінің  сотталған Ф.-ты  13.12.2016 жылғы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына сәйкес жазадан босату туралы ұсынысын қарады.

Сот  үкімімен   ҚК-нің 188-бабы 1-бөлімінде көрсетілген қылмысты жасағаны үшін айыпты деп танылып, пробациалық бақылау орнатып, мүлкі тәркілеусіз, еріксіз еңбекке тартылып,  оған 1 (бір) жыл 5 (бес) айға  бас бостандығын шектеу жазасы  тағайындалған.

Сотпен жаза ретінде әкімшілік қамақ тағайындалды

06/02/2017

Павлодар  облысының Железин аудандық сотында  Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі бойынша (ұсақ бұзақылық) әкімшілік жауапкершілікке тартылған азамат Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқықбұзушы, 2017 жылдың 09 қаңтарында, Железин ауданының Лесное ауылында азаматшы Ш. атына дөрекі сөздер айтып, сонымен қатар  олардың тыныштығын бұзып, қоғамға кесірін тигізген, азаматтардың құқықтарына қарсы болып табылатын әрекеттер жасап қоғамдық тәртіпті бұзған.

«Сот кеңсесі қызметкерлерінің этикасын сақтау» тақырыбына семинар өтті

06/02/2017

Железин аудандық сотында  кеңсе меңгерушісі Г.Аубакирова және сот мамандарының қатысуымен «Сот кеңсесі қызметкерлерінің қызметтік этикасын сақтау» тақырыбына семинар өтті.

Семинар  барысында бас маман Д.Т.Есенова мемелекеттік қызметті өткерудің өзі қоғам мен мемлекет тарапынан үлкен сенімділік арту болып табылады, әрі адамгершілік және моралдық-этикалық келбетіне үлкен талап қойылатыны жөнінде сөз сөйледі.

«Мемлекеттік тілде сот актілерін әзірлеу» тақырыбында семинар сабағы

06/02/2017

Железин аудандық сотында «Мемлекеттік тілде сот актілерін әзірлеу»  тақырыбында семинар сабағы өткізілді. Семинарға соттың кеңсе меңгерушісі мен мамандары қатысты.

Семинардың мақсаты – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, сот актілері мен құжаттарды ресімдеу бойынша әдістемелік көмек көрсету.

Сотта «Жеке ұйғарым» тақырыпқа семинар сабағы өтті

06/02/2017

Железин аудандық сотында «Жеке ұйғарым» тақырыбына  сот төрағасы Ғ.М.Ертаев, кеңсе меңгерушісі Г.Аубакирова және сот қызметкерлері  қатысуымен семинар өткізілді.

"Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 8 бабын және Азаматтық Процестік Кодекстің 270 бабын қолдай отыра,  іс жүргізушілік нормаларын өрескелді кемшіліктер жіберген үшін лауазымды адамдарға сот жеке ұйғарым шығаратынын айтып өтті.

Соттың өрт қауіпсіздігі туралы

06/02/2017

Ақсу қаласының сотында сот мамандарымен және Павлодар облысының ММ МКҚБ өкілімен, объектте төтенше жағдайлардың профилактикасын талқылау, ТЖ пайда болғанда полиция жасағы жедел көмек көрсетуі туралы кездесу өтті.

Кездесуде Павлодар облысының ММ МКҚБ өкілі күзет объектілерінде төтенше жағдайлар болғанда, полиция постында орналасқан өрт сөңдіру құралдарымен, өрт қауыпсіздігінде шаралар қабылдау туралы айтты.

Шараның аяғында Павлодар облысының ММ МКҚБ өкілі объектілерде өрт қауыпсіздігін қатаң байқауға ұсынды.

«Электронды сот ісін жүргізу» тақырыбы бойынша семинар өткізілді

06/02/2017

Павлодар обылысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Электронды сот ісін жүргізу» тақырыбы бойынша семинар өткізілді. Осы іс-шараға судьялар А.Бактияров, К.Сатабаев, кеңсе меңгерушісі Х.Сагадеев және сот қызметкерлер қатысты.

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу және қарау» тақырыбы бойынша семинар өткізілді

06/02/2017

Павлодар обылысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу және қарау» тақырыбы бойынша С.Кабдыгалиев семинар өткізді. Осы іс-шараға кеңсе меңгерушісі Х.Сагадеев және сот қызметкерлері қатысты.

2016 жылғы азаматтық істер артылыуы

06/02/2017

2016 жылда Ақсу қаласының сотында 5186 азаматтық іс қарастылды,

2015 жылға қарағанда 4 пайызға артық.

5186 қарастырылған істен, 3057 сот бұйрығы шығарылған, сот шешімімен шығарылған 1737 (олардан 758 жеңілдетілген іс жүргізу бойынша) қуыным талабын қанағаттандырумен 1693 іс, қанағаттырылған талапты кері қайтару – 44 іс. 109 талап арызбен іс жүргізу тоқтатылды, олардан 14 іс өзара келісіммен және 65 медиация арқылы. 272 іс қарастырылмаған, 11 іс соттылықпен жіберілді.

Заңсыз алкоголь саудасы

06/02/2017

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен Павлодар қаласының тұрғыны М. ӘҚБтК-нің 463-бабының 2-бөлімімен кінәлі деп танылып, оған алкоголь өнімдерін тәркiлеу және 106 050 теңге айыппұл салынды.

Сотта істі қарау барысында М. шағын кәсіпкерлік субьектісі бола тұра Павлодар қаласындағы Мира көшесінің бойында орналасқан дүкенінде әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жалпы құны 257 660 теңге болатын алкоголь өнімдерін тиісті лицензиясыз сақтаған.