Архив событий

23/02/2017

Шарбақты аудандық соты медиация бойынша дәріс өткізді

23/02/2017

Шарбақты аудандық сотының төрағасы Х.Сраилов ауданның кәсіби емес медиаторларының және прокурор көмекшісі А.Османовтың қатысуымен жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойінша пилоттық жобаны іске асыру мақсатында дәріс өткізді.

Х.Сраилов жобаның мақсаты мен міндетін, сондай ақ оның қолдану қағидалары жайлы түсіндіріп өтті. Жобаның міндеті татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту, азаматтардың сот шығындарын барынша азайту болып табылады.