Архив событий

08/02/2017

Үш жылға көлік жүргізу құқықынан айырылды

08/02/2017

Май аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-ң 608 бабы 1 бөлігі бойынша жүргізуші Б-қа қатысты әкімшілік іс қаралған.

Іс материалдарына сай: 2017 жылы 12 қаңтарда азамат Б. мас күйінде бола тұра «МТЗ-82» мемлекеттік нөмері S 185 АWD тракторді Май ауданы Көктөбе ауылында басқарған.

Сот отырысында  құқықбұзушы  Б., өз  кінәсін толық мойындады. 

Қазақстан Республикасының алкоголь өнімдері жөніндегі заңының талаптарын бұзу

08/02/2017

Павлодар облысы Май аудандық сотында ӘҚБтК-нің 200-бабының3-бөлігімен азаматша Е-ға. қатысты әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік іс құжаттарына сай, 2017 жылы 23 қаңтарда сағат 21.19 шамасында Май ауданы Баскөль кентіндегі «Людмила» дүкеніндеазаматшаЕ. дукенші болатұра,Қазақстан Республикасының алкоголь өнімдері жөніндегі заңының талаптарын бұза отыра азамат Б-қа этильдық спирты 30% жоғары мөлшерде құрайтынбір шөлмек арақты сатып жіберген.

Сот отырысына азаматшаЕ. өз кінәсін толық мойндап, істеген іс әрекетіне өкінді.

«Төрелік» жүйесі арқылы атқару парағын рәсімдеп, жолдау тәртібі талқылады

08/02/2017

Май аудандық сотында кеңсе қызметкерлері мен сот мәжілісі хатшыларының қатысуымен «Азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша атқару парақтарын, әкімшілік істермен сот қаулылары «Төрелік» ақпараттық жүйесі арқылы рәсімдеу және жолдау тәртібі туралы» үйрену сабағы өтті.

Кеңсе меңгерушісі З.Жүнісбаева азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істер бойынша атқару парақтарын «Төрелік» жүйесі арқылы рәсімдеп, сот орындаушыларына жолдау тәсілдерін айтып, атқару парақтарының жолдану ерекшеліктеріне тоқталып өтті.

Железин аудандық сотының қызметкерлері жаңа нысынды киімге толықты көшті

08/02/2017

Павлодар облысы бойынша Сот Әкімшісінің басшысының тапсырмасын орындау мақсатында, сонымен қатар мемлекеттік қызметкердің Әдеп кодексін қолдай отырып нақты уақытта Железин аудандық сотының қызметкерлері  жаңа  нысынды киімге толықты көшті.

Сот төрағасы, мемлекеттік қызметшілер әдеп кодексінің талабын сақтауын, осыған орай  сот қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқару кезінде киімде іскерлік стильді қатаң ұстану қажеттігіне назар аударды.

«Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауымен таныстыру» тақырыбына семинар-кеңес

08/02/2017

Железин аудандық сотында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауымен    таныстырылып, қолдау көрсету бағытында семинар-кеңес өткізілді.

Аталған шараға сот төрағасы Ғ.Ертаев, судья А.Бесеева мен сот қызметкерлері қатысты.

Анасы мен баласы сотта татуласты

08/02/2017

Железин аудандық сотында отбасы-тұрмыстық қатынас саласында құқыққа қарсы әрекет жасау фактісі бойынша әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, азамат А.,  өз үйінде,  анасы А-ға балағат сөздер айтып, үй күнделік заттарды бүлдіріп жанжал шығарған. Осындай әрекеттерімен «Отбасылық қатынастардағы құқыққа қарсы әрекеттері» ӘҚБтК 73-бабы 1-бөлімі қарасты құқық бұзушылық жасаған.

6 ай мерзімге маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емдеуге жіберілді

08/02/2017

«Железин ауданының орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК Е.-ны  мамандандырылған емдеу профилактикалык мекемесіне маскүнемдікден   мәжбүрлеп емдеуге жолдау туралы талап арызбен Железин аудандық сотына жүгінген.

Азамат  К. спирттік ішімдікті жиі қолданып, салынып ішетіні, нарколог дәрігерде диспансерлік есепте тұратыны анықталды. Сонымен қатар, жұмыс істемейді, тұрақты мекен жайы жоқ, қоғамдық өмірге сай емес, өз еркімен емделуден бас тартады.