Архив событий

21/02/2017

Автокөлікпен соқтығысты

21/02/2017

 

Шарбақты аудандық сотымен жол-көлік оқиғасы бойынша әкімшілік іс қаралды. Құқықбұзушы 2017 жылдың 8 ақпанында Шарбақты ауылында «NissanPrimerа» көлігін басқарып келе жатып, бұрылыста көліктің  басқаруына ие бола алмай «Lada» автокөлігімен соқтығысқан.

Жол апаты барысында акөліктер зақымдалып, материалды шығын келтірілген.

Сотта құқықбұзушы кінәсін толығымен мойындап, көк тайғаққа байланысты соқтығысқа жол бергенін түсіндірді.

Немересін кешірді

21/02/2017

Шарбақты аудандық сотымен бұрын сотты болған 27 жасар аудан тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды. Ол өзінің 1938 жылы туылған атасының үйінен құны 6000 тенге тұратын ұялы телефоны мен 10 000 ресей рубілін ұрлап кеткен.

Ұрланған телефон полиция қызметкерлерімен иесіне қайтарылды.

Сот талқылауы басталмас бұрын атасы мен немересі медиация тәртібінде татуласып, сотталушы ҚК 188-бабының бірінші бөлігі (ұрлық) бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

 Қаулы заңды күшіне енген жоқ.