Архив событий

07/02/2017

Полиция қызметкеріне бағынбаушылық көрсетті

07/02/2017

Шарбақты аудандық сотымен 30 жасар ер адам полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін сотталды.

Қылмыстық іс материалында көрсетілгендей, 2017 жылдың 31 қаңтарында Шарбақты ауылында «Думан» кафесінде мас күйінде кафе қызметкерлері мен келушілердің тыныштығын бұзған. Кафе қызметкерлерінің шақыртуымен келген поиция қызметкерінің заңды талаптарына бағынбай, оны балағаттап, полициялық киімін жыртып тастаған.

Павлодар қалалық сотымен «атқарушылық өндірісі туралы заңнаманың кейбір нормаларын сотпен қолдану» атты дөңгелек үстел өткізілді

07/02/2017

Павлодар қалалық сотының И.В. Золотарева, Н.Б. Әбдікәрімов,  А.М. Дүйсенбаева судьяларымен «атқарушылық өндірісі туралы заңнаманың кейбір нормаларын сотпен қолдану» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шарада Павлодар қалалық сотының судьялары, МЕҰ өкілдері, мемлекеттік және жеке сот орындаушылар, банк өкілдері және заңгерлер қатысты.

Дөңгелек үстел барысында, атқарушылық өндірісі туралы заңнаманың кейбір нормаларын сотпен қолдану туралы оның мақсаты мен міндеті бойынша  сұрақтары талқыланды.

Павлодар қалалық соты «Міндетті медиация» пилоттық жобасын іске асыруда

07/02/2017

Павлодар қалалық сотының судьялары Н.Б. Әбдікәрімов пен Қ.Қ. Шақаров «Қазақстан-Павлодар» телеарнасының «Біздің қала -718» бардарламасының тікелей көрсетіліміне қатысты. Бағдарлама азаматтық сот істеріндегі даулардын жекелеген санаттары бойынша дау -шарларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді еңгізу пилоттық жобасы. Жүзеге асыру асыру тетіктері.

Алимент төлеуден жалтару

07/02/2017

Май аудандық сотымен азамат Н-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-ң 669 бабы бойынша әкімшілік іс қаралды, себебі одан ½ мөлшерінде қәмлетке толмаған балаға алимент өндіру туралы сот бұйрығы шығарылған, бірақта ол сот бұйрығын орындаудан бас тартқан.

 Сот отырысында азамат Н. кінәсін толық мойындап, өкініп, келесіні айтты алимент қарызын және сот актісін уақытында орындамаған себебі қаражаттын жоқтығы, және ол ешқайда жұмыс істемейтінін көрсетті сол себептермен шешімді орындамаған.

Қылмыс құралы тәркіленді

07/02/2017

Шарбақты аудандық сотымен автокөліктің дөңгелектерін ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды.

 2016 жылдың 16 қыркүйегінде түнгі уақытта сотталушылар С. және М. Шарбақты ауданы Маралды станциясында осы елді мекеннің тұрғынының ауласында тұрған «SkodaOktavia» автокөлігінің төрт дөңгелегі мен төрт дискіні ұрлап кеткен.  Ұрланған заттарды олар «Меrcedes-Benz C180» маркалы көлігіне тиіп алып, қылмыс орнынан қашып кеткен. Қылмыс барысында жәбірленушіге 50000 тенге сомасында материалды шығын келген.

Көлік құрал салығын уақытында төлеу қажет

07/02/2017

Май аудандық сотымен «Май ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ-нің С. жауапкерден 43 719 теңге көлік құралы салығын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотпен анықталғандай, жауапкер С. көлік құралы салығын 2015, 2016 2015 ж. уақытында төлемеген, сонын салдарынан 43 719 тенге мөлшерінде салық қарыз соммасы жиналып қалған.

Май аудандық сотында «Соттармен әкімшілік құқықбұзушылық туралы заңнаманы қолдану проблемалары» тақырыбына семинар сабағы өткізілді

07/02/2017

Май аудандық сотында сот төрағасы Ұ.К.Рахимбергенова, аудандық прокуратурасының, ауданының жергілікті полиция қызметкерлерінің, мемлекеттік кіріс басқармасының уәкілдерінің қатысуымен, «Соттармен әкімшілік құқықбұзушылық туралы заңнаманы қолдану проблемалары» тақырыбында  семинар сабағы өткізілді.

Аудан пробация қызметінің рақымшылық актіні қолдану туралы ұсыныстары қанағаттандырылды

07/02/2017

Железин аудандық сотымен аудандық пробация қызметінен  келіп түскен  кішігірім және ауырлығы орташа жасалған қылмыстары үшін сотталушыларға қатысты,  рақымшылық акті қолдану туралы 4  ұсыныстар қаралды.

Аталған тұлғаларды бас бостандығынан айырумен байланысты емес кішігірім, сондай-ақ ауырлығы орташа қылмыстар жасаған,«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына байланысты рақымшылық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының негізімен қылмыстық жазадан босатылды.

Железин аудандық сотында сот төрағасымен азаматтарды қабылдауы өткізілді

07/02/2017

Азаматтарға құқықтық көмек көрсету, азаматтардың сот жүйесіне сенімінің деңгейін көтеру, сонымен қатар соттың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында  Железин аудандық сотында азаматтарды қабылдауы өткізілді.

Сот төрағасы Ғ.М.Ертаевтің қабылдауына Железин ауданының Жана Жулдыз ауылының тұрғыны Е.Канафин азаматтық іс бойынша  талап қоюды қамтамасыз ету үшін  салынған есеп айырысу шотынан тыйымды алу жөнінде   сұрағымен жүгінді.

Рахымшылық бойынша қылмыстық іс қысқартылды

07/02/2017

Ақтоғай аудандық сотымен ҚР ҚК-нің 188 б.1 б. (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) бойынша  Ж.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Азамат Ж. мемлекеттік номері 665 ABD МТЗ-82 тракторынан айналадағылардан жасырын жымқырып, саймандарынұрлаған.

Іс бойынша барлық жағдайларды анықтап, сот қылмыстық бұзушылық жасағаны үшін айыпты деп табылып, жаза бір жыл мерзімге  шартты түрде деп саналсын.       

Ақтоғай аудандық сотында «Сот актілерінің орындалуы. Электрондық атқару парақтарын жолдау және тіркеу барысында туындайтын мәселелер» тақырыбында дөнгелек үстел өтті

07/02/2017

Аталған іс-шараға соттың кеңсе меңгерушісі, сот отырысының хатшылары, сот  орындаушысы қатысты.

Дөңгелек үстел барысында  аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Д.М.Турсунов хабарлама жасап, сот актілерінің орындалу мәселелеріне аса назар аударды. Сот шешімдерінің тез және сапалы орындалуына қарай азаматтардың сот жүйесіне деген сенімі қалыптасатындығы жөнінде айтып өтті.  

«Сот кабинеті» электрондық сервисі» атты тақырыпта семинар үстел өткізілді

07/02/2017

Жаңа технологияларды енгізу – уақыт талабы, сондықтан да соттардың мақсаты жұртшылыққа сотқа сервис арқылы жүгінуге болатындығы туралы ақпаратты жеткізіп, мемлекеттік органдармен өзара қарым қатынасты орнату болып табылады.

Жеделділік пен ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етуде, сондай-ақ азаматтардың электрондық сот ісін жүргізуге қатысуын қамтамасыз ету мақсатында, республика соттарында «Сот кабинеті» сервисі қызмет атқаруда.

Әкімшілік қамауға алынды

07/02/2017

Успен аудандық  сотында әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669-бабымен (Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) азамат Л. қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес Л. ӘҚБтК-нің 440-бабы, 1-бөлігімен мемлекет пайдасына 10 605 теңге салынған туралы қаулысын орындамаған.

Сот азамат Л. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 669-бабы негізінде кінәлі деп тауып, оған 1 (бір) күн әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды.

Павлодар облысының ІІД-де семинар

07/02/2017

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотынның судьясы Г.Б.Рахматулина Павлодар облысының ІІД-де "Әкімшілік істері бойынша ішкі істер органдарының мекен-жайына шығарылған жеке қаулылардыталдау" тақырыбына семинар өтті. Іс-шараға облыстық ІІД-нің жергілікті полиция бастығының орынбасары Б. Әлімбаев, ІІД ювеналды полиция басшысы Б.Қамзина, Павлодар өңірі қалалар мен аудандардың ішкі істер ювенальды полиция бөлімдерінің топтарыныңинспекторлар қатысты.

Медиатордың қатысуымен жасалған медиативті келесім бекітілді

07/02/2017

Павлодар қалалық сотымен талапкер «КМФ» ЖШС жауапкер Н-ға қарыз сомасын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматық іс қаралды.

Аталған істі қарау барысында сотқа тараптардан кәсіби медиатордың қатысуымен жасалған дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту туралы өтініші келіп түсті.

Аталған медиативті келісім сотпен бекітілді, өйткені оның шарттары заңнамаға қайшы келмеген, өзге тұлғалалардың құқықтарын нұқсан келтірмеген, оған қоса екі тарапқа да тиімді.

Мемлекеттік білім беру кредиті бойынша қарызды өндіру

07/02/2017

Павлдар қалалық сотымен талапкер «Финансовый центр» ММ-нің жауапкер Б-ға қатысты мемлекеттік білім беру кредитін өндіру туралы азаматтық іс қарастырылды.

Талапкер сотқа жүгінгенін келесі жағдаймен ынталандырды, 2001 жылдың 1 қыркүйегінде «Финансовый центр» ММ, жоғарғы білім беру орнымен және жауапкер Б-нің арасында үш жақты кредиттік келісім бекітілген, оған сәйкес  «Финансовый центр» студентке 332 127 теңге көлеміндегі ақшадай қаражат аударған.