Архив событий

24/08/2017

Успен аудандық соты «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысты

24/08/2017

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 1 тамыздан 30 қыркүйегіне дейін «Мектепке жол» дәстүрлі жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы өткізілуде.

«Мектепке жол» акциясының мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мектепке дайындығына көмек көрсету.      

Успен аудандық сотының ұжымы өз кезегінде көмекке мұқтаж  болған балаларға назарын бөліп, аталған акцияға өз үлестерін қосты.