Архив событий

25/08/2017

Заң талабын орындамағаны үшін

25/08/2017

Шарбақты аудандық сотымен полиция қызметкерінің заңды талабын орындамаған Орловка ауылының тұрғынына қатысты әкімшілік іс қаралды.

 Іс материалдарына сәйкес, 2017 жылдың 09 тамызында құқықбұзушы полиция қызметкерінің Шарбақты аудандық ІІБ әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтыру үшін бару туралы талабын орындаудан бас тартқан.

Сотта құқықбұзушы кінәсін толығымен мойындады.

Ата-ана құқығынан айырылды

25/08/2017

Шарбақты аудандық сотымен ата-аналық құқығынан айыру туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер сотқа жауапкерді өзінің 2008 жылы туылған кәмілеттік жасқа толмаған баласына қатысты ата-аналық құқығынан айыру туралы талап-арызбен жүгінді. Жауапкер ұлының тәрбиелеу мен оқыту міндеттерін орындамаған, алимент төлемеген, баламен сегіз жыл кездеспеген. Білім бөліміне баладан бас тарту туралы өтініш жазған.

Жауапкер талап-арызды мойындау туралы жазбаша келісім берді.

«Мектепке жол» акциясы аясында

25/08/2017

2017 жылдың 1 тамызында Қазақстанда екі айға созылатын «Мектепке жол» республикалық акциясы басталды. Аталған шара барасында мемлекет пен азаматтар жағдайы төмен және көп балалы отбасы балаларына, жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсетеді. Акцияның мақсаты балаларды мектепке қажет құралдармен және киімдермен қамтамасыз ету. Аталған шара 10 жыл қатарынан республиканың барлық аумақтарында «Менің таңдауым-балаларға көмек» ұранымен өткізіледі.

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «дөнгелек үстел» өткізілді

25/08/2017

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық хаттамамаларын құрастыру» туралы тақырыпта «дөнгелек үстел» өткізілді.

Осы отырысқа судьялар, Екібастұз қаласының ІІБ өкілдері мен Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотынын мамандары қатысты.

Судья Д.Нұрсұлтанова өз баяндамасында дөңгелек үстел қатысушыларынан көрсетілген катергориядағы істерді құрастыру барысында   заңның барлық талаптар қадағалауын айтты.

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Жол жүрісі туралы» Заңына өзгерулер жайында «дөнгелек үстел» өткізілді

25/08/2017

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Жол жүрісі туралы» Заңына өзгерулер мен толықтырулар енгізу туралы тақырыпта «дөнгелек үстел» өткізілді.

Осы отырысты судья Д.Нұрсұлтанова, прокуратураның өкілі, Екібастұз қаласының ІІБ инспекторлары  мен сот мамандарының қатысуларымен өткізді.