Архив событий

04/09/2017

Баянауыл аудандық сотында «Қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді қарауда татуласу процедураларын өткізу» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді

04/09/2017

Өткізілген іс-шараға Баянауыл аудандық сотының судьясы Б.Даутов және Баянауыл ауданының адвокаты Т.Айтыбаев  қатысты.

Судья Б.Даутов татуласу рәсімін қолдануымен  қаралаған қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істердің статистикалық мәліметтерін атап өтті.  Пилоттық жобаның мақсатын түсіндіріп, медиация рәсімін өткізу бойынша даулардың міндетті санаттарын атап өтті.

«Мектепке жол» акциясы шеңберінде Май аудандық сотының ұжымы көп балалы отбасына көмек көрсетті

04/09/2017

Жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы шеңберінде 1 қыркүйек күні қарсаңында жақсы дәстүр бойынша көп балалы балалар мен күнкөрісі төмен отбасыларға көмек көрсету мақсатында Май аудандық соты Жакуповтар отбасына барып қайтта.

Кездесу барысында соттың төрағасы У.Рахымбергенов пен мамандар Гүлдана атты қыз балаға оқу жылы басына қажетті спорт костюмін табыс етті.