Архив событий

06/09/2017

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі

06/09/2017

Май аудандық сотында «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі» туралы дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысында Май аудандық сотының төрағасы Ұ.Рахимбергенова мен аудандық прокуратурасының, әділет басқармасының, мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері және кеңсе меңгерушісі мен сот мамандары қатысты.

Сотпен басқаруға құқығы жоқ бола тұра көлік құралын басқарғаны үшін 30 тәулікке қамаққа алу тағайындалды

06/09/2017

Май аудандық сотымен алкогольді мас күйінде болып, басқаруға құқығы жоқ адаммен көлікті басқару фактісі бойынша Ш.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды (ӘҚБтК-нің 608-бабының 7-бөлігі).

Тәжірбиелік көмек көрсету

06/09/2017

Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында  «Тәжірбиелік көмек көрсету мен соттың шешімдерін күшін жою себебі мен негіздері» тақырыбында сот судьяларымен Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Б.А. Бегалиев және сот тәлімгерлері А.Шевченкомен, Е.Байғұрмановпен, Б. Нәсірдиновпен семинарлық оқу өткізілді.

Семинарды азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Б.А. Бегалиев ашты және судьяларға сот әділдігін сапалы жүзеге асырылуы қажет екенін белгілеп өтті.

Железин аулдандық сотында прокурорға қылмыстық істерді қайтару тәртібі талқыланды

06/09/2017

Железин аудандық сотының төрағасы Ғ.М. Ертаевпен, С.Т. Қалым аудандық прокуратураның прокурордың көмекшісі және кеңсе қызметкерлердің қатысуымен «ҚР ҚПК-тің 323-б. тәртібінде прокурорға қылмыстық істерді қайтару тәртібі» тақырыбына семинар сабағы өткізілді.

Осы семинар сабағында сот төрағасы ҚПК-тің 323-б. тәртібінде прокурорға қылмыстық істерді қайтару негізін мәліметке жеткізді.

«Бас бостандығынан айыруымен байланысты емес жазаны тағайындау» тақырыбына семинар сабақ

06/09/2017

Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында мемлекеттік сатып алу заңнамасын қолдану мәселелері бойынша соттың судьялары мен оқу семинары өткізілді.