Архив событий

20/09/2017

Сот бір жастағы баланың құқығын қорғап қалды

20/09/2017

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен 2017 жылдың 01 маусымда  О.Гришинаның  2015 жылы туған Ренатқа қатысты ата-ана құқығын шектеу туралы А.Потемкинге берген талабы қанағаттандырылды. Сотқа жүгінуге баланың әкесінің мінез құлқы, яғни бір жастағы баланың көзінше баланың анасын ұрғаны, ал одан әрі егер ол әкесіне ұлын көрсетпеген жағдайда көзін құртамын деп анасына қауіп төндіргені негіз болған.

Ювеналды сот баланы әумесерлік мінез құлықты балаларға арналған арнайы білім беру ұйымына жіберу туралы арызды қанағаттандырудан бас тартты

20/09/2017

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен «Павлодар қаласының ІІБ» ММ-нің Павлодар қаласының №13 мектебінің кәмелетке толмаған 10-сынып оқушысын «Шығыс Қазақстан облысының Серебрянск қаласының әумесерлік мінез құлықты балаларға арналған арнайы облыстық мектеп-интернаты» КММ-не жіберу туралы арызын қанағаттандырудан бас тартылды.

Көшеде жүрген балалар

20/09/2017

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК 1 бөлігі 127 бабы бойынша - ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу міндеттерді дәлелді себептерсіз орындамауы, Н. қатысты әкімшілік іс қаралды.

Медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан

20/09/2017

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Павлодар облысының тумасы П-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, 2017 жылдың 08 шілдесінде азамат П. бекітілген тәртіппен масаю күйіне куәландырудан өту жөніндегі полиция қызметкерлерінің заңды талабын орындамаған.

Құқық бұзушының кінәсі іс құжаттарымен және оның кінәсін мойындаған жауаптарымен дәлелденген.

«Соттың мемлекеттік сот орындаушыларымен қарым қатынастары» тақырыбына «дөңгелек үстел» өтті

20/09/2017

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында соттың мемлекеттік сот орындаушыларымен қарым-қатынастары мәселелері  бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді.

Іс-шараға сотының кеңсе меңгерушісі М.А.Негметжанова, бас маман К.Б.Тулеуова және мемлекеттік сот орындаушысы С.Омаров қатысты.