Көшеде жүрген балалар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК 1 бөлігі 127 бабы бойынша - ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу міндеттерді дәлелді себептерсіз орындамауы, Н. қатысты әкімшілік іс қаралды.

Н. азаматшада 2006 және 2008 жылы туған кәмелетке толмаған балалары бар, ол олардың тәрбиелеуімен айналыспайды, спирттық өнімдерін ішеді, бірнеше рет оған медициналық куәландыру өткізілген, балаларға қалыпты тұратын жағдайларды құрастырмайды, тұрғылықты акт бойынша үйде антисанитарлық жағдай. Тұрғылықты жерінде Н. жаратымсыз сипатталады.

Іс материалдарындағы Н.-ның түсініктемесі бойынша, шынымен ол 2017 жылы 21 тамызда достастарымен спирттық өнімдерін ішкен, содан кейін масайып, ұйыктап қалды, сол уақытта балалары далаға ойнауға шығып кетті. Ересектерді оятқан, далада үлкендердің қарауынсыз жүрген балаларды тауып алған, полиция қызметкерлері болды.

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен құқық бұзушы Н. кінәлі деп табылып және оған әкімшілік жаза ретінде 15883 теңге құрайтын 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды. Сотпен айыппұлдың соммасы 30%-ға 11118 теңгеге азайтылды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі