Медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Павлодар облысының тумасы П-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, 2017 жылдың 08 шілдесінде азамат П. бекітілген тәртіппен масаю күйіне куәландырудан өту жөніндегі полиция қызметкерлерінің заңды талабын орындамаған.

Құқық бұзушының кінәсі іс құжаттарымен және оның кінәсін мойындаған жауаптарымен дәлелденген.

Сот қаулысымен азамат П. ӘҚБтК-нің 613 бабының 4 бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 2 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды. 

Қаулы заңды күшіне енген.

 

Қайнар: 
Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі