Шетелдік әнші

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар қаласының Мамандандырылған әкімшілік сотында Америка Құрама Штатының азаматы Б.-ға  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Ол 18.10.14 жылы «G1» дәрежелік виза бойынша елімізге келіп, «Крендель» кофеханасында әнші-музыкант ретінде жұмыс істеген. Алайда, бұл әрекетті шетелдік азаматтың визадағы ҚР болу мақсаты деген бөлігінде көрсетпегені анықталды.

Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындап, берілген құқық бұзушылықты заңды білмегендігінен жасағандығын айтқан.

Сот қаулысымен АҚШ азаматы ҚР ӘҚБтК-гің 394 бабы 3 бөлігі  бойынша кінәлі деп танылды. Оған қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 74 020 (жетпіс төрт мың жиырма) теңгені құрайтын айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Қайнар: 
Павлодар қаласының Мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі