Архив событий

14/03/2017

Уақытында айыппұлды төлемеген

14/03/2017

Май аудандық сотымен азамат Б-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-ң 669 бабы бойынша әкімшілік іс қаралды, себебі ол 11.01.2017 жылы ӘҚБтК-ң 440 бабы 1 бөлігі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін 11 345 тенге мөлшерінде әкімшілік айыппұлға жазалану туралы қаулы шығарылған, бірақта ол бүгінгі күнге дейін қаулыны орындаудан бас тартқан.

Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу бойынша ата-ананың міндетін орындамау

14/03/2017

Май аудандық сотымен кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу бойынша ата-ананың міндетін дәлелді себептерсіз орындамау туралы әкімшілік іс қаралды.
Іс материалдары бойынша, азаматша Б.-ның қарамағында 4 кәмлет жасына толмаған балалары бар, ол оның тәрбиесімен айналыспай алкогольды ішімдіктерді баланың көзінше тұратын пәтерде ішеді.
Берілген факт бойынша Б.-ға қатысты ӘҚБтК 127-бабының 1-бөліміне кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу бойынша ата-ананың міндетін дәлелді себептерсіз орындамау бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама құрастырылған.

«Орындау парақтарын қайта жолдау» тақырыбына семинар

14/03/2017

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кеңсе бөлімінің меңгерушісі Х.Сагадеев және сот мамандарының қатысуымен «Орындау парақтарын қайта жолдау» тақырыбына семинар өткізілді. Баяндамамен бас маман – сот отырысының хатшысы Ж.Даутова сөз сөйледі.

Ж.Даутова «Төрелік» АЖ-де аталған қызметтің өзектілігін ерекше атап, семинар жұмысын ашты. Ж.Даутова орындау құжатын «Төрелік» АЖ арқылы жеке немесе мемлекеттік сот орындаушысына орындауға жіберу үшін іс-әрекеттер барысын толықтай сипаттады.

Судьялар әр уақытта өз біліктілігін арттыруда

14/03/2017

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы «Қылмыстық істерді қарастыратын және оған теңестірілген соттардың, сондай-ақ мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соттардың судьяларының біліктілігін арттыру курстарын» тәмамдады.

2017 жылдың 20 ақпанынан 2017 жылдың 03 наурызы аралығында судья Н.Айтбаев Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының Сот төрелігі академиясында судьялардың біліктілігін арттыру курстарына қатысты.

«Жемқорлықпен күресудің құқықтық сұрақтары және сот этикасын сақтау» семинар-кеңесі

14/03/2017

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Жемқорлықпен күресудің құқықтық сұрақтары және сот этикасын сақтау» тақырыбына семинар өтті.

Соттың судьялары мен мамандардың алдында Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты төрағасы М.Т. Дайкенов баяндамамен сөз сөйледі.

Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейін отбасы және гендерлік саясат тұжырымдамасы бойынша ҮЕҰ қатысуымен семинар-трениг

14/03/2017

Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен 2016 жылғы 6 желтоқсандағы №384 Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейін отбасы және гендерлік саясат тұжырымдамасы бекітілді.

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейін отбасы және гендерлік саясат тұжырымдамасы бойынша  ҮЕҰ қатысуымен семинар-трениг.

"Азаматтық сот ісін жүргізуде Мемлекеттік тіл" тақырыбына семинар

14/03/2017

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында "Азаматтық сот ісін жүргізуде Мемлекеттік тіл" тақырыбына семинарөтті.

Семинар жұмысынаювеналды соттыңсудьялары мен мамандары қатысты. Семинар өткізумақсатыазаматтық сот ісінмемлекеттіктілдежүргізужағдайынталқылаужәне сот актілерініңжазылусапасынарттыру.

Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында бейне конференц байланысы арқылы сот отырысы өткізілді

14/03/2017

Бейне конференц байланысы арқылы онлайн-режимінде азаматтық іс бойынша сот отырысы Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында қаралды.

Жауапкердің өкілі Павлодар қаласынан тыс жерде болғандықтан, бейнеконференцбайланысы арқылы істі қарау туралы өтініш сотпен қанағаттандырылды.

Жауапкердің тұрғылықты жері бойынша сот сот тапсырмасы жіберілді, сот істі әділ және көпшілік алдында бейнеконференцбайланысы арқылы дауды шешу шешімі қабылданды.

«Аудандық және оған теңестірілген соттардың іс жүргізу ережесіне толықтырулар мен өзгертулер енгізу» тақырыбына семинар

14/03/2017

«Аудандық және оған теңестірілген соттардың іс жүргізу Қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу» тақырыбына семинар

Шарбақты аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Ж.Бердиева «Аудандық және оған теңестірілген соттардың іс-жүргізу Қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу» тақырыбында семинарлық сабақ өткізді.

«Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу» тақырыбында «дөңгелек үстел»

14/03/2017

Ақтоғай аудандық сотында «Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға Ақтоғай  аудандық сотының судьясы А.Кабдршова, кеңсе меңгеруші Д.Турсунов, Ақтоғай ауданы бойынша кірістер басқармасының бас маманы А.Касса, Павлодар облыстық адвокаттар алқасының адвокаты К.Жандаулетова қатысты.

Президенттің Жолдауы талқыланды

14/03/2017

Шарбақты аудандық сотының төрғасы Х.Сраилов Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізді.    Шараға аудандық соттың судьясы, прокуратура және адвокаттар алқасы өкілдері қатысты.

Төраға судьялыққа үміткерлерді іріктеу талабын күшейту, соттармен заманауи технологияларды қолдану және сот төрелігі алдында тұрған жауапты тапсырмалар туралы айтып өтті.

«Сот ғимаратыны кіру тәртібін қамтамасыз ету» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізілді

14/03/2017

Ақтоғай аудандық сотының ғимаратына Павлодар облысының УССО қызметкерлері мен сот мамандарының қатысуымен «Сот ғимаратыны кіру тәртібін қамтамасыз ету» тақырыбына «Дөңгелек үстел» өткізілді.

Өз сөзінде Павлодар облысы УССО полиция қызметкері И.А.Клесников, қызмкеттік тәртіп талабына сай, сот ғимаратына келушілермен  үнемі іс-шара өткізу, тыйым салынған заттарды және смарфондарды өзімен ала кіру жағдайларын болдырмайды.

Сот ғимаратына кіру тәртібін қамтамасыз ету бойынша тәртіп сот төрағасының бақылауында.

 

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы дұрыс рәсімдеу мәселелері талқыланды

14/03/2017

Ақтоғай аудандық сотында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы дұрыс рәсімдеу» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.

Іс-шараға Ақтоғай  аудандық сотының төрағасы С.Хисматуллина және судья, Ақтоғай аудандық ішкі істер бөлімінің полиция қызметкерлері қатысты.

Іс-шарада сөз алған сот төрағасы аталған мәселенің маңызына тоқталды.

Судьямен спортта қабілетті балаларға арналған мектеп-интернатының оқушыларымен кеңес өткізілді

14/03/2017

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Г.Рахматулинамен спортта қабілетті балаларға арналған мектеп-интернатында 9-11 сынып оқушылары, мектептің педагогтары мен психологтарының қатысуымен «Қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік» тақырыбына дәріс-кеңесі өткізілді.

Көлік басқару құқығы жоқ адаммен ЖКО жасағаны үшін қамаққа алынды

14/03/2017

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Қазақстан Республикасының  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 611-бабының 3-бөлігі бойынша (жүргізушінің өзі қатысушы болып табылатын жол-көлік оқиғасына байланысты Қазақстан Республикасының жол жүрісі саласындағы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы) бойынша азамат С. қатысты әкімшілік іс қарады.

Жүргіншіні қағып кеткені үшін жазаланды

14/03/2017

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен Ақсу қаласының тұрғыны қатысты әкімшілік іс қаралды.

2017 жылы 05 ақпан күні «SMOLL» сауда үйінің аумағында Щ. «Mazda» маркалы, автокөлігін басқара отырып, жол – жүргізуші қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, жүргіншіні қағып кеткен.

 Сот–медициналық сараптамасының қорытындысы бойынша  жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зақым келген. 

Павлодарда масаң күйде көлік басқарған жүргізуші 6 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды

14/03/2017

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік соты ӘҚБтК 608-бабы 4-бөлігі бойынша (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы) айыпталған 1993 жылы туған азамат У-қа қатысты әкімшілік істі қарады. 

Азамат әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап, 2017 жылдың 18 ақпанында сағат 04.25 шамасында Павлодар қаласының Кутузова-Ломова көшелерінің қиылысында «Лада 21723» маркалы автокөлікті алкогольдік масаң күйінде басқарған.

Қоғамдық орында балағат сөздер айтқаны үшін әкімшілік айыппұл

14/03/2017

Павлодар қаласының Мамандандырылған әкімшілік сотымен  ӘҚБтК-ның 434- бабы 1-бөлігінің (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекет) бойынша  Р-ға  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Заңсыз құрылыс салғаны үшін айыппұл салынды

14/03/2017

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік соты  ӘҚБтК-нің 319-бабы бойынша (Өндiрiстiк, тұрғын үй, шаруашылық, гидротехникалық (су шаруашылығы) немесе тұрмыстық объектiлердi жерге тиісті құқықсыз заңсыз салу ) құқық бұзушы М.-ға қатысты әкімшілік істі қарады.

Іс бойынша анықталғаны, М. ешқандай рұқсат қағазынсыз жер телімінде бір қабатты мекеме құрылысты заңсыз салған.

Сотта құқықбұзушы М. өз кінәсін толық мойындап, соттан өзін қатал жазаламауды сұрады.

Павлодарда Екібастұз қалалық және әкімшілік соттарының судьяларымен сот төрелігін жүзеге асыру сапасының мәселесі талқыланды

14/03/2017

Сенбі күні Екібастұз қалалық сотында Павлодар облыстық сотының Пленарлық отырыс президиумының көшпелі отырысы өтті.  

Президиум жұмысына облыстық соттың төрағасы, қылмыстық істер жөнінде сот алқасының төрағасы, судья әдебі бойынша алқа төрағасы, облыстық соттың судьялары, Судьялар Одағы Павлодар филиалының төрағасы, Соттар әкімшісі басшысының орынбасары қатысты.