Архив событий

15/03/2017

«Халық үшін Үкімет» мемлекеттік корпарациясы» АҚ Баянуыл филиалының қызметкерлерімен семинар - кеңесі өтті

15/03/2017

 Іс шараға кеңсе меңгерушісі А.Омарова, соттың бас маманы Ж.Диманова, филиалдың қызметкерлері қатысты.

 Бас маман Ж.Диманова қызметкерлерге «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі арқылы құжаттарды жолдау туралы айтты және мысал ретінде мемлекеттік бажды онлайн-төлеуді, іс бойынша қаралу тарихын және сот актісін шығаруды көрсетті.

Май аудандық сотында бас бостандығынан шектеу түріндегі жазаны орындаумен байланысты мәселелер талқыланды

15/03/2017

Май аудандық сотымен «Бас бостандығынан шектеу түріндегі жазаны орындау» тақырыбына семинар өткізілді.
Семинар жұмысына Май аудандық сотының сот төрағасы Ұ.Рахымбергенова, кеңсе менгерушісі, Май ауданы бойынша пробация қызметкері және аудандық прокуратура өкілдері қатысты.

«Ертіс аудандық сотында «Рақымшылық жасау туралы» Заңының ережесі зерделенді»

15/03/2017

Аудандық сотымен «Рақымшылық жасау туралы ҚР Заңының ережесін зерделеу» тақырыбымен семинар өткізілді. Іс-шараға судья Д.К. Нұржанова, ішкі істер бөлімінің қызметкерлері, қылмыстық-атқару инспекциясының қызметкері қатысты.

Ювеналдық соттың судьясы "Даулар мен келіспеушіліктерді шешу медиация негіздері. Сотқа дейінгі реттеу міндетті" тақырыбындағы семинар-практикум жұмысына қатысты

15/03/2017

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы М.А.Иванова Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы шақыруы бойынша, құқықтық дауларды (жанжалдарды) бітімгершілік рәсімдермен реттеу институтының дамыту үшін ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты және Қазақстан халқының Ассамблеясы арасындағы өзара қол қойылған Меморандум аясында "Даулар мен келіспеушіліктерді шешу медиация негіздері. Сотқа дейінгі реттеу міндетті" тақырыбындағы семинар-практикум жұмысына қатысты.

Салықты төлеу әрбір азаматтың борышы мен міндеті болып табылады

15/03/2017

Павлодар қалалық сотымен Павлодар қаласы бойынша мемлекеттік кіріс басқармасының жауапкер С-қа қатысты көлікке салықты төлеу  бойынша қарызды өтеу туралы азаматтық іс қаралды.

Сот отырысында келесі жағдай белгілі болды, жауапкер жыл сайын көлікке салықты төлеп жүрген, бірақ толық мөлшерде төлеген жоқ, себебі бұл сомма банк жұмыскерлермен есептеліп алынғандығын айтты.

Іс медиациямен аяқталды

15/03/2017

Павлодар қалалық сотымен талапкер С-тің Т-ға қатысты қарыз соммасын өтеп алу туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер өз талабын келесі жағдаймен ынталандырды: 2016 жылдың 19 қыркүйегінде жауапкер одан 800 000 теңге көлемінде ақшаны қарызға  алған, сол бойынша қолхат жазған, қолхат бойынша ақшалай қарызды 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін қайтарып беруді міндеттелген. Алайда көрсетілген мерзімде ақшаны қайтарған жоқ.

Сот талқылауы барысында тараптардан дауды медиация тәртібінде реттеу туралы арыз түсті.

Павлодар қалалық сотымен ортақ меншік құқығын және мүліктегі өзіне тиесілі бөлігін анықтау туралы біріккен азаматтық іс қаралды

15/03/2017

Павлодар қалалық сотымен К.-ның О.-ға ортақ меншік құқығын және мүліктегі өзіне тиесілі бөлігін анықтау және А.-ның К.-ға көшіріп жіберу туралы біріккен азаматтық іс қаралды.

Баянауыл аудандық сотында Азаматтық процестік кодексінің жаңалықтарын талқылау бойынша соттың мамандарымен семинар-кеңесі өтті

15/03/2017

Кеңсе меңгерушісі А.Омарова Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 ақпандағы № 49-VІ ҚР Заңымен таныстырып өтті.

Заңнамалық түзетулер ағымдағы жылдың 12 наурызынан заңды күшіне енді.

Судьялардың әдеп қодексін талқылау

15/03/2017

2017 жылғы Қазақстан Республикасы судьялар Одағы Павлодар филиалының іс-шара жоспары шеңберінде, филиалдың хатшысы судья Г.Рахматулинамен Екібастұз қаласының ІІД-ті және прокуратура қызметкерлері, соттың төрағасы мен судьялардың қатысуымен Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік соты судьяларының Әдеп кодексін зерделеу бойынша көшпелі семинар өткізілді.