Архив событий

28/03/2017

Алкогольден мәжбүрлеп емделуге жолданды

28/03/2017

Ертіс аудандық сотында азамат Ж. алкогольден мәжбүрлеп емделуге жолдау туралы «Ертіс ауданының орталық ауруханасының» арызы қаралды.

Арызданушы өзінің арызын  азамат Ж. маскүнемдіктен зардап шегетінін, спирттік ішімдікті пайдалануды жалғастырып отбасы үшін қауіп туғызатынын дәлелдеді.    

Сот шешімі бойынша аз. Ж. 1 жыл мерзіміне алкогольден мәжбүрлі түрде емделуге жолданды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Жомарт туысқан

28/03/2017

Екібастұз қалалық сотында бөтен мүлікті ашық түрде жымқыруП.-ға қатысты  қылмыстық іс қаралды.

Тұрғындармен кездесу

28/03/2017

Қазақстан Республикасы судьяларының VII съезіндегі Елбасының сот жүйесіне қойылған тапсырмаларын іске асыру мақсатында 2017 жылдың 17 наурызында Көктөбе селолық округ әкімшілік ғимаратында Май аудандық сотының төрағасы Ұ.Рахымбергенованың  аудан тұрғындар арасында «Жер заңнамасының сұрақтары бойынша» кездесу өткізілді.

Кездесуге аудан прокуратурасының және жергілікті полиция қызметінің өкілдері де қатысты.  

Май аудандық сотында «ашық есік күн» өткізілді

28/03/2017

Сот төрағасы Ұ.Рахымбергенованың қабылдауында болған аудан тұрғындары М.Ташенова, Ж.Арықбаев заңды маңызы бар фактіні анықтау, материалдық шығынды өндіру туралы мәселелерімен сотқа жүгінді.

Сот төрағасы аудан тұрғындарын тыңдап, жүгінген мәселелері бойынша тиісті дәрежеде заңнама нормаларына сәйкес, сондай-ақ өз құқықтарын қорғау тәртібін түсіндіріп өтті.

Май аудандық сотында медиативтік рәсімін қолдану бойынша семинар өткізілді

28/03/2017

Май аудандық сотында «Медиативтік рәсімді қолданудың өзекті мәселелері» тақырыбына өтті, оған Май ауданының төрағасы У.Рахымбергенова, прокуратура органы, адвокаттар, үкіметтік емес ұйымдар мен кәсіпқой емес медиаторлардың өкілдері қатысты.

Семинар барысында «Азаматтық және қылмыстық процесте медиацияны қолдану. Медиатор және оның рөлі» тақырыбына  баяндамамен соттың төрағасы У.Рахымбергенова сөз сөйледі.   

Павлодар облыстық сотының төрағасы аумақ тұрғындарымен online-конференция өткізеді

28/03/2017

Соттардың ашықтығы мен қол жетімдігі, сондай-ақ азаматтармен диалогты орнату мақсатында  2017 жылғы 31 наурызында11.00-13.00 Павлодар облысы соттарымен сот төрелігін жүзеге асыру және қызмет мәселесі бойынша Павлодар облыстық сотының төрағасының online-конференциясы өтеді.

Барлық сұрақтарды «сұрақ-жауап» платформасы, «Төраға блогі» бөлігінде облыстық соттың интернет-ресурсында немесе «интернет-конференцияға сұрақ» ескертуімен 718-0801@sud.kz электрондық мекен-жайына жолдауды сұраймыз.