Архив событий

16/03/2017

Павлодар қалалық сотымен «Сот тапсырмасы» атты семинар өткізілді

16/03/2017

Павлодар қалалық сотында соттың кеңсе меңерушісі А.Темірбекованың, сот мамандары, «Павлодар облысы Қазақстанның жас депутаттар бірлестігі» өкілі Дмитрий Корепановтың қатысуымен  «Сот тапсырмасы» атты семинар өткізілді. Семинар тақырыбы бойынша Павлодар қалалық сотының бас маманы Д.Баймағамбетов сөз сөйледі.

Әкімшілік айыппұлдарды өндіру бөлімінде сот актілерін орындалмау

16/03/2017

Ертіс аудандық сотымен әкімшілік айыппұлдарды өндіру бойынша сот актілерінің ұзақ уақыт орындалмау мәселелеріне арналған «дөңгелек үстел» өткізді. Ертіс аудандық сотымен өндіру бөлімінің сот орындаушысы мен прокуратураның өкілі қатысты.

Сот атқарушысымен проблемалық мәселелерді талқылау

16/03/2017

Ертіс аудандық сотының судьясы Д.Нұржановамен және сот мамандарымен, «Бейбітшілік» қоғамдық қорының өкілі А.Д.Идрисованың  қатысуымен  «Ақпараттық жүйенің электронды әрекеттесуінен туындайтын, проблемалық сұрақтарды талқылау мен шешу» тақырыбына  ауданның мемлекеттік сот атқарушымымен кездесу өткізілді.  

Қатысушылар ақпараттық жүйемен  электронды қарым-қатынасынан туындайтын бар проблемалық сұрақтарды талқылады. Сот атқарушы жағынан атқарушылық іс жүргізуді түсініксіз қайтару жағдайлары болмаған.

Ағымдағы жылдың 2 ай қорытындысы бойынша брифинг

16/03/2017

Ертіс аудандық сотының төрағасы А. Нұрғалиев, 2017 жылдың 2 айындағы жұмыстардың нәтижесі бойынша бұқаралық ақпарат құралдары мен «Бейбітшілік» қоғамдық қорының өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізіді.

А.Нұрғалиев қорытынды анықтамасында ағымдағы жылдың 2 айының бойынша жұмыстардың нәтижелеріне, сотпен шығарылған өкімдердің, қаулылардың, жеке ұйғарымдар мен шешімдердің санына тоқталып өтті. Өткен жылдың осы кезеңімен  салыстырылуымен сот төрелігінің сапасы туралы анықтамада баяндалды.

Сот медиациясын өткізу нәтижесінде талапкер қарыздан бас тартты

16/03/2017

Азаматша  М. Екібастұз қалалық сотына  Ш. дан қолхат бойынша 4 100 000 теңге мөлшерінде қарызды өндірі тіралы талап арызбен жүгінді, және те талапкер  соттан  41 000 теңге мөлшерінде мемлекеттік бажды,  талап арыз  құрастыруда адвокат қызметі үшін  3 000 теңге  және сот та өкілдік қызметі үшін 150 000 теңге мөлшерінде сот шығындарын  өндіруді сұрады.

Сотпен азаматтық істі қарау барысында тараптарды татуластыру шаралары қолданылды, дауды  бітімгершілік келісумен шешудің тиімділігі түсіндірілді.  

Банкпен дау сот медиациясы тәртібінде шешілді

16/03/2017

Талапкер С. «Евразийский Банк» АҚ-на тыйым салу  және төлеу тапсырыстарын қою, ақшалай қаражатты алып қоюды іс әрекеттерін  заңсыз деп тану туралы,  төлеу тапсырыстарын кері шақырту  және тыйым салудан алып тастауды міндеттеу туралы талап арызбен  Екібастұз қалалық сотына жүгінді. 

Талапкер С.  пен жауапкер «Евразийский Банк» АҚ-мы арасында дауды (жанжалды) сот медиациясы тәртібінде ретеу туралы келісімге қол жеткізілді.

Сот жұмыс берушінің актілерін заңсыз деп таныды

16/03/2017

Талапкер Б «Богатырь Комир»ЖШС-не  кәсіби ауруды зерттеу актісін заңсыз деп тану және өндірістегі жазатайым оқиға(кәсіби ауру) туралы № Н-1 нысанында актіні жасау мен беруді міндеттеу туралы талап арызбен  Екібастұз қалалық сотына жүгінді,өз  уәждеріне «Богатырь Комир»ЖШС-де 18 жылдан астам машинист (қазандықтың от жағушысы)  болып жұмыс істегенін және қызметтік міндеттерін орындау кезінде денсаулығына  зиян келтірілгенін көрсетті.

Ауыл әкімдерінің шағымы сотпен қанағаттандырылды

16/03/2017

Ертіс аудандық сотымен 30 АЕК көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындау туралы Ертіс ауданы бойынша мемлекеттік кірістер  Басқармасының шығарылған қаулысына шағыммен ауыл әкімдері жүгінді.

Салық кодексіне сәйкес, ай сайын жергілікті атқарушы орган түбіртектің орындалуы жөнінде есебін ұсынады, сондай-ақ банк ұйымдарының бөлек түрлерін жүзеге асыратын, банк немесе ұйымдарға салық және сомаларды тапсыру әр айдың 10 күн мерзімінде жүзеге асырылады.

Павлодар Судьялар Одағы филиалымен Павлодар өңірі соттары мамандарының Қазақстан Республикасы Судьялар Одағына 100% кіруі ұйымдастырылды

16/03/2017

Қазақстан Республикасы Судьялар Одағы Павлодар филиалымен Судьялар Одағы мүшелеріне жаңадан тағайындалған Павлодар облыстық сотының мамандарымен семинар-кеңесі өтті.

Судьялар Одағы Жарғысына сәйкес, судьялармен қатар алғашқы рет Одақ мүшелері болып сот төрелігін жүзеге асыру үшін жағдайды қамтамасыз ететін, жергілікті соттардың кеңсе қызметкерлері бола алады.