Архив событий

24/03/2017

Екібастұз қалалық сотында «Ана тілі ой өрісті кеңейтеді» тақырыбына семинар өтті

24/03/2017

Іс-шараға судья Н.Сәулен мен соттың мамандары қатысты.

Іс-шара барысында мемлекеттік тілде әзірленген құжаттардың сапасына, қазақ тілін меңгеруге ынтаға назар аударылды.

Семинар қорытындысы бойынша барлық мамандарға тіл байлығын дамыту, ресми терминдерді зерделеуде мақсатында жинақ-папкаларын жасау, сондай-ақ мемлекеттік тілде мақалалар жариялау тапсырмасы берілді.

Аталған жұмыстың қорытындысы «Қазақстан Республикасының тілдер күні» қарсаңында өткізілетін болады.

Сотпен жоғалған кіріс өндірілді

24/03/2017

Азамат  К. жауапкер А.-ға еңбек ақысы бойынша жоғалтқан кірісін өндіруді және моралльдық зиянды өтеу туралы талап арызбен  Екібастұз қалалық сотына жүгінді. 

Талапкер өз талаптарын  жауапкердің жасаған жол көлік оқиғасы нәтижесінде алған дене жарақаттары салдарынан, бірнеше ай еңбекақы кірісін жоғалтып,  емделуге мәжбүр болғанын айтып түсіндірді.

Атыс қаруы қолданумен жасалған қылмыс

24/03/2017

Екібастұз қалалық сотымен  К. мен А-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

К. өзінің автокөлігімен кісі тасумен анылысып жүргенде, автомашина салонында жарақаттау мүмкіндігі бар тапанша тауып алған.                                                                                                                                                                                                                       К., сақтау және тасымалдау  рұқсаты болмауына қарамастан  тауып алған тапаншаны заңсыз сақта ,өзімен алып жүру заңсыз қылмыстық пиғыл туды.

Баянауыл аудандық сотында «Қазақстанның үшінші жағыртуы: жаhандық бәсекелестігі» ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы талқыланды

24/03/2017

Талқылауға сот төрағасы Д.Салатов, судья С.Даньярова  және сот мамандары қатысты.

Өз баяндамасында сот төрағасы жолдауда қойылған бес басымдық туралы айтып өтті, сондай-ақ олардың айналымы экономиканың барлық салаларында жоғарғы өсу қарқынын  қамтамасыз ететінін белгілеп өтті. Қатысушылардың назарын Жолдауда қойылған бастапқы міндеттеріне, сондай-ақ оны өту жолдарына назар аударды.

Баянауыл аудандық сотында Баянауыл аудандық ІІБ тергеушілерімен семинар өтті

24/03/2017

Сот төрағасы Д.Салатов Қазақстан Республикасы Қылмыстық процесстік Кодексінің талаптарын түсіндірді, яғни мүлікке тыйым салу тәртібі, мүлікке тыйым салуды санкциялау тәртібі, қылмыстық процесте қаралатын азаматтық талап қоюлар және мүлікті тәркілеу туралы.

Қатысушылардың назары қылмыстық істің ауырлығын істің мән-жайларын жеткілікті зерделеу үшін тергеу амалдарының көлемін ескере отырып,  істердің ауырлығын есепке алуға аударылды.

Ювеналдық соттың судьясы ҚР ішкі істер Министрлігінің оқу орталығымен ұйымдастырылған «дөңгелек үстелге» қатысты

24/03/2017

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы М.Иванова Павлодар қаласында Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігінің оқу орталығымен ұйымдастырылған "Тұрмыстық зорлықтың алдын алу әйелдердің құқықтарын қорғау" атты тақырыбындағы «дөңгелек үстелге» қатысты.

Ювеналдық соттың судьясы "Даулар мен келіспеушіліктерді шешу медиация негіздері. Сотқа дейінгі реттеу міндетті" тақырыбындағы семинар-практикум жұмысына қатысты

24/03/2017

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы М.А.Иванова Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы шақыруы бойынша, құқықтық дауларды (жанжалдарды) бітімгершілік рәсімдермен реттеу институтының дамыту үшін ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты және Қазақстан халқының Ассамблеясы арасындағы өзара қол қойылған Меморандум аясында "Даулар мен келіспеушіліктерді шешу медиация негіздері. Сотқа дейінгі реттеу міндетті" тақырыбындағы семинар-практикум жұмысына қатысты.

Ювеналдық соттың судьясы ҚР ішкі істер Министрлігінің оқу орталығымен ұйымдастырылған «дөңгелек үстелге» қатысты

24/03/2017

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы М.Иванова Павлодар қаласында Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігінің оқу орталығымен ұйымдастырылған "Тұрмыстық зорлықтың алдын алу әйелдердің құқықтарын қорғау" атты тақырыбындағы «дөңгелек үстелге» қатысты.

Баянауыл аудандық сот ғимаратының ішіне кіруге рұқсат беру Ережесін сақтау туралы семинарлық сабақ өткізілді

24/03/2017

Аталған іс шараға Павлодар облысының арнайы күзет қызметі Басқармасының қызметкерлері қатысты.

Сот төрағасы Д.С.Салатов пайда болған қақтығыс жағдайлар болдырмау және уақытылы алдын алу бойынша МКҚБ қызметкерлері мен сот приставымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді, сондай-ақ олардың өзара әрекеттесуіне нұсқады.

Баянауыл аудандық сотында сот мамандарының қатысуымен «Мемлекеттік қызметкердің әдепті сақтауы» тақырыбында семинар өткізілді

24/03/2017

Кеңсе меңгерушісі А.Омарова өз сөзінде, сот қызметкерлері өздерінің мінез-құлқымен, жүріс-тұрысымен сот жүйесінің беделін арттыруға ықпал етуге, соттың (судьялардың) және соттардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның (басшыларының, әріптестерінің) абырой-беделіне нұқсан келтіретін жағдайлардың бәрінен өзін аулақ ұстауға, кәсіби білімін арттыруға күш салуға тиіс екендігін айтты.

Іс-шара соңында сот мамандарының назары мемлекеттік қызметшілердің әдебін ұстануға назарларын аударды. 

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыру сапасы» тақырыбында «дөңгелек үстел»

24/03/2017

Железин аудандық сотында сот төрағасы Ғ.М.Ертаевтың, аудандық прокуратурасының прокуроры және аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыру сапасы»  тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.