Архив событий

17/03/2017

Жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шыққаны үшін көлік жүргізу құқығынан айырылды

17/03/2017

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығу фактісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қозғалған А.-қа қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Сотта А. көлік құралын басқара отырып, екі жолағы бар жол жүру бөлігі бойынша жүре отырып, жолдың қарсы бағытына арналған жолға шығып жүргені анықталды.   

Халықаралық пактіні қолдану арқылы әкімшілік іс қаралды

17/03/2017

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Түркия Республикасы азаматына қатысты ӘҚБтК-нің 517-бабы, 5-бөлігі  (еңбек қызметін жүзеге асыруға қажетті шарт болып табылатын жағдайда мұндай рұқсатты алмастан Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыруы) бойынша әкімшілік ісін қарады.

Павлодар қаласының әкімшілік сотында ішкі істер органдарының қызметкерлерімен семинар өткізілді

17/03/2017

Павлолдар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Әкімшілік жауапкершілікке тартудын негізі» тақырыбына семинар өткізілді.

Семинар жұмысына судья М.Мусабаев, Павлодар қаласының ішкі істер басқармасының ЖППБ инспекторы Н.Бейсенбеков және Павлодар қаласының ішкі істер басқармасының жергілікті поляция инпекторы А.Каркенова қатысты.

Судья М.К.Мусабаев инспекторларға әкімшілік жауапкершілікке тартудың негіздерін түсіндірді.

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «дөңгелек үстел» барысында Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілген түзетулер талқыланды

17/03/2017

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзерістерді талқылау туралы «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстел» жұмысына судья С.Искакбекова, кеңсе менгерушісі М.Негметжанова, Павлодар қаласының прокуратурасының прокуроры С.Әлжанов және адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросының өкілі Р.Исенов қатысты.

Ашық есік күні өтті

17/03/2017

Ақтоғай аудандық соты «Ашық есік күнін» өткізіп, дәстүрлі шара аясында аудандық соттың төрағасы С.Г.Хисматуллина  азаматтарды қабылдады.

«Ашық есік күні» халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру,  азаматтардың сот жүйесіне деген сенімінің деңгейін көтеру, сонымен қатар сот төрелігін қолжетімді ету мақсатында өткізіледі.

Электронды құжатайналымы

17/03/2017

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Электронды құжатайналымы» тақырыпты семинар өткізілді. Осы шарада судьялар, сот қызметкерлері жәнеде Екібастұз қаласының ІІБ өкілдері қатысты.

«Тараптарды сотқа шақыру» тақырыбында семинар

17/03/2017

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының кеңсе меңгерушісі мен Екібастұз қаласының ІІБ қызметкерлерінің қатысуларымен «Тараптарды сотқа шақыру» атты тақырыбы бойынша семинар өткізілді.

Семинарда кеңсе меңгерушісі іс бойынша сот отырысына тараптарды, сондай-ақ қатысуға тартылған өзге де адамдарды шақыру қағидасы туралы айтып берді.

Кәмелетке толмағанға алкоголь өнімін сату

17/03/2017

Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 200-бабы 1-бөлігі бойынша, бұл жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға алкоголь өнімін өткізу туралы, Екібастұз қаласының тұрғыны Ч. қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот мәжілісінде істі қарау барысында Екібастұз қаласының тұрғыны Ч. 2017 жылы 16 қаңтарда 20.47 сағатта Екібастұз қаласы Энергетиков көшесіндегі орналасқан «У Федора» дүкенінде 21 жасқа толмаған 1997 жылы туған қызға екі шөлмек «Белый медведь» сырасын сатқан.

Павлодар қалалық сотында «Сот кабинеті» сервисі арқылы сотқа құжаттарды тапсыру тәртібі бойынша нұсқаулық» тақырыбына арналған семинар өтті

17/03/2017

Павлодар қалалық сотында соттың кеңсе меңерушісі А.С.Темирбекованың, сот мамандары, Павлодар облысы Қазақстанның жас депутаттар ассоциациясының өкілі Дмитрий Корепановтың қатысуымен  «Сот кабинеті сервисі арқылы сотқа құжаттарды тапсыру тәртібі бойынша нұсқаулық» атты семинар өткізілді.Семинар тақырыбы бойынша Павлодар қалалық сотының бас маманы Р.Манафова сөз сөйледі.

Мемлекеттік тілде іс жүргізуді жүргізу

17/03/2017

Лебяжі аудандық сотында Лебяжі аудандық сотының судьялары мен сот қызметкерлері,  Лебяжі ауданы прокурорының комекшісі М.Елимбаев, аудандық ІІБ, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысты.

Лебяжі аудандық сотының төрағасы  К.Султанов іс-шараны аша отырып, іс жүргізуді мемлекеттік тілде жүргізу – Конституция талабы екенін атап өтті. Мемлекеттік тіл ел аумағының барлық жағдайында қолданылады,  сөйлеу кезінде, сот ісін жүргізуде, істі қарау кезінде және т.б.

Ювеналдық соттағы оқу семинары

17/03/2017

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2017 жылға арналған оқу жоспарыа сәйкес, "Қазақстан Республикасы ратификациялаған ювеналды сот ісін жүргізуде халықаралық шарттар" тақырыбына семинар өтті.

Сотпен қарыз сомасын өндіріп алу талап арызын қаңағаттандыруда және мәмілені жарамсыз деп тану туралы қарсы талап арызды мойындаудан сотпен бас тартылды

17/03/2017

Ертіс аудандық сотымен 2013 жылғы 27 желтоқсандағы қолхат бойынша 4 371 000 тенге сомасына азамат Т.-дан қарызды, өкілеттілік және сот шығындарын өндіріп алу туралы азамат Е.-нің талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.  

Сот отырысының басталуына дейін талған мәмілені құлдық деп тану туралы қарсы талап арыз түсті.

"Астарлы Ақиқат" республикалық қоғамдық-саяси газеті Ювеналдық соттың судьясы мақаласын жариялады

17/03/2017

2017 жылғы 11 ақпандағы №3/26 республикалық қоғамдық-саяси "Астарлы Ақиқат" газетінде Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы М.А.Иванованың мақаласы жариялады. Мақала баспасөзде "Жаңа Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралатын істер бойынша өзекті мәселелері" атты тақырыбта жарияланды.

Ертіс аудандық сотында үкіметтік емес өкілдерінің қатысуымен «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі арқылы сот органдарына талап арыздарды және басқа өтініштерді жолдау бойынша оқыту семинары өткізілді

17/03/2017

Ертіс аудандық сотының судьясы Д.Нуржановамен «Бейбітшілік» ҚҚ-ның өкілі А.Идрисовтың, Ертіс ауданының ІІБ, сот орындаушысы, әкімшілік өкілінің қатысуымен «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі арқылы сот органдарына талап арыздарды және басқа өтініштерді жолдау» тақырыбына  оқыту өткізілді.

Сот залынан

17/03/2017

Май аудандық сотымен ұсақ бұзақылық жасау фактісі бойынша Май ауданы Көктөбе ауылының тұрғынына қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдары бойынша ағымдағы жылдың 15 наурызында азамат Ж. қоғамдық орында бола тұра, атап айтқанда Май ауданы прокуратурасының ғимаратында бола тұра былапыт сөздер айтқан.

Сот отырысында Ж. әкімшілік құқықбұзушылық жасау кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінді.