Архив событий

27/03/2017

"Кәмелетке толмағандардың Эмансипациясы" тақырыбына «дөңгелек үстел» өтті

27/03/2017

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  "Кәмелетке толмағандардың Эмансипациясы" тақырыбына «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстел» жұмысына сот судьялары, прокурор Г.Туякбаева, "Павлодар қаласы білім беру бөлімі" ММ бас маманы Г.Кощегулова, "Жетім балалар мен ата-анасыныңқамқорлығысыз қалған балаларға арналған Песчан №2 арнайы жалпы білім беру мектеп-интернаты" ММ-сі әлеуметтік педагогі, "Павлодар ауданының білім беру бөлімі" ММ заңгері А.Б.Жанақов қатысты.

«Гендерлік саясат: әйелдің қоғамдағы рөлі» тақырыбына семинар

27/03/2017

Баянауыл аудандық сотында «Гендірлік саясат: әйелдің қоғамдағы рөлі» тақырыбына семинар өтті.

Іс-шараға судья соттың төрағасы Д.Салатов, судья С.Даниярова, кеңсе меңгерушісі мен соттың мамандары қатысты.

Іс-шараны аша отырып, судья С.Даниярова гендерлік саясат қоғамдық өмiрдiң барлық салаларында ерлер мен әйелдердiң теңдiгiне қол жеткiзуге бағытталған мемлекеттiк және қоғамдық қызмет. Сондай-ақ ұлттық гендерлік саясат біздің мемлекетіміздің демократиялық процесінің маңызды негізі болып табылады.

Кепілге салынған мүлікке аудару және қарыз шарты бойынша қарызды өндіріп алу туралы дау бойынша медиациялық келісім бекітілді

27/03/2017

Баянауыл аудандық сотымен  ЖШС-ның жауапкерлер Т.Н., Д.А.,Б.-ға кепілге салынған мүлікке аудару және қарыз шарты бойынша қарызды өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талапкерлер мен жауапкерлер арасында несие ұсыну туралы шарт жасалған, бірақ жауапкерлер тиісті түрде міндеттерін орындамайды.

Тараптар сот отырысына дейін судьямен медиация рәсімін өткізу туралы өтінішхат ұсынды.

Сотталушы жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

27/03/2017

Екібастұз қалалық сотымен ұрлық жасағаны үшін айыпталған және сотқа берілген Б.-ға қатысты іс қаралды (ҚК-нің188-бабы 1-бөлігі).

Іс материалдары сәйкес, азамат Б. Екібастұз қаласында орналасқан үйдің жанынан өтіп бара жатып, тұрақта тұрған жүкті көлікті байқаған, сол уақытта оның ұрлық жасау ниеті пайда болған. Түнгі уақыт мерзімін, сондай-ақ бөгде адамдарды болмауын пайдаланып, Б. аталған жүк көлігінен 50 000 теңге тұратын «Тюмень 190» маркалы екі аккумуляторын ұрлаған. Одан кейін ұрланған мүлікпен бірге қылмыс орнынан бой тасалған.

Жұмыскердің құқықтары сотпен қалпына келтірілді

27/03/2017

Азамат Д. ЖШС-не  еңбек ақысы  бойынша берешекті өндіру туралы талап арызбен жүгінді, талап арызда жауапкердің қол астында 2014 жылдың 01 сәуірінен бастап 2015 жылдың 01 қыркүйекке дейін күзетші болып жұмыс істеді, жұмыс істеген уақытына 1 700 000 теңге мөлшерінде еңбекақы төленбеген.

Сот талапкермен ұсынылған дәлелдерді зерделеп, талап арызды толық көлемінде қанағаттандырды.  

Көлік құралын мас күйінде басқарған

27/03/2017

Ертіс аудандық сотында азамат А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдары бойынша азамат А. көлік құралын басқару құқығы болмай, алкогольді мас күйінде көлікті басқарған.

Сот істің баолық жағдайынесепке алып, азамат А.-ны ӘҚБтК-ның 608-бабының 6-бөлігіне көзделген әкімшілік құқықбұзушылық жасауда кінәлі деп танып, 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындады.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Сот шешімін орындамағаны үшін қамаққа тартылды

27/03/2017

Железин аудандық сотымен сот шешімін орындамау фактісі бойынша құқықбұзушы П.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, азамат П. ұзақ мерзім бойы екі кәмелетке толмаған баланы асырауға алиментті өндіріп алу туралы 2011 жылы шығарылған бұйрықты орындамаған. Алимент бойынша қарыз 1 805 916 тенгені құрайды.

Сот отырысында азамат П. кінәсін толық мойындап, өзінің ауыр материалдық жағдайына байланысты уақытында алимент төлеуге мүмкіндігі болмағанын түсіндірді.