«Гендерлік саясат: әйелдің қоғамдағы рөлі» тақырыбына семинар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Баянауыл аудандық сотында «Гендірлік саясат: әйелдің қоғамдағы рөлі» тақырыбына семинар өтті.

Іс-шараға судья соттың төрағасы Д.Салатов, судья С.Даниярова, кеңсе меңгерушісі мен соттың мамандары қатысты.

Іс-шараны аша отырып, судья С.Даниярова гендерлік саясат қоғамдық өмiрдiң барлық салаларында ерлер мен әйелдердiң теңдiгiне қол жеткiзуге бағытталған мемлекеттiк және қоғамдық қызмет. Сондай-ақ ұлттық гендерлік саясат біздің мемлекетіміздің демократиялық процесінің маңызды негізі болып табылады.

 Гендерлік теңдік- бұл әйелдер мен еркектер арасында ұқсастық пен айырмашылықтар. Гендерлік саясат қоғамдық саяси өмірде өмірлік ұстанымдардың үйлестірілуіне жағдай жасайды. 1998 жылы Елбасы Жарлығымен отбасы және әйелдер мәселесі жөнінде Ұлттық комиссия құрылды. 1999 жылы Қазакстан Республикасы Үкіметімен елімізде әйелдердің жағдайын жақсарту мақсатында Ұлттық жоспар құрылды, бүгінгі танда оның 80 пайызы орындалған. Әйелдердің экономикалық өмірге белсене араласуына жағдай жасау, әйелдер құқығы, олардың әлеуметтік кепілдігін арттыру мен ана мен бала денсаулығын жақсарту мақсатында Қазакстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасында әйелдердің жағдайын жақсарту бойынша ұлттық жоспар бекітілді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабына сәйкес, азаматтар мемлекет істерін басқаруда тең құқықтар мен мүмкіндіктерге ие. Елімізде 2000 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы Конвенциясына сілтеме жасала отырып «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюмен күрес Халықаралық күні» жарияланды. Қазақстан Республикасы Президентінің 29.11.2005 жылғы Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясы бекітілді.

«Дөңгелек үстел» соңында қатысушылар тарапынан әйелдердiң саяси құқықтарын жүзеге асыру бойынша өзра пікірлерімен алмасып, сұрақтар қойылды.

Қайнар: 
Баянауыл аудандық сотының баспасө қызметі