Аңшылық мылтықты заңсыз сақтағаны үшін айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен О.-ға қатысты (ішкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау ) әкімшілік ісі қаралды.

Сотта анықталғадай О. ішкі істер органдардың тиісті рұқсатынсыз сақтанған азаматтық қару - бір ауызды, тегісұңғылы, моделі «ЗК», 16 калибрлі аңшылық мылтығы табылып алынды. Сот мәжілісінде О. аталған мылтық тұрғылықты жерге Германияға кетіп қалған досынан қалғанын айтты.

Сот қаулысымен О. ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл тағайындады, аталған аңшылық мылтығын тәркіледі.  

Қаулы заңды күшіне енген.

Источник: 
Павлодар қаласының Мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі