Айыппұлдарды өндіріп алу бөлігінде үкімдерді орындау бойынша «дөңгелек үстел» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар қаласының №2 сотында төрағаның м.а. А.Ш. Оспанов, судьялар, Павлодар облысының  қамтамасыз ету атқарушылық іс жүргізу басқармасының басшысы А. Камарова «Үкімдер бойынша мемлекет кірісіне төленген айыппұлдардың орындалуы» тақырыбына «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстел» барысында қатысушылар соттарға әдейі айыппұл төлеуден жалтарағандарға қатысты жазаны ауыстуруға ұсыныстар жолдау және айыппұлдарды орындау бөлімінде бүгінгі уақытта көкейкесті мәселелер бойынша жағдайларды талқылап өтті.

«Дөңгелек үстел» қатысушыларымен мемлекет пайдасына тағайындалған айыппұлдардың орындалу мәселелері қаралды. Төрағаның м.а. осындай сот актілерінің сотталушымен ұзақ уақыт орындалмауы кезінде, жазаны орындаудан жалтару жағдайында айыппұл түріндегі жазаны ауыр жазаға ауыстыру ұсынысын сотқа жолдау қажеттігі назарға алынды.

Источник: 
Павлодар қ. №2 сотының баспасөз қызметі