Азаматтық хал актілері жазбаларының дұрыс еместігін анықтау

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Железин аудандық  сотымен талапкер аз.К-нің азаматтық хал актілері жазбаларының дұрыс еместігін анықтау туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, азамат Ж. арызданушының 2014 жылдың тамыз айында апасы және 2016 жылдың қараша айында атасы қайтыс болған, олар қайтыс болғаннан кейін Железин ауылында орналасқан пәтер түрінде мұрагерлік ашылды. Алайда азаматтық хал актілері жазбаларында мұраберушінің сауалнама деректері, яғни мұраберушінің қайтыс болу туралы куәлігі мен арызданушының әкесінің туу туралы куәліктің арасында үйлеспеушілікке байланысты, арызданушы мұраны қабылдай алмайды.

Сот отырысы барысында өтініш беруші өз шағымын қолдады.

АПК-нің 302-бабы 13-бөлігіне  сәйкес, сот азаматтық хал актілер жазбаларының дұрыс емес жазылған фактілерін анықтайды.

АПК-нің 305-бабына сәйкес, сот азаматтардың немесе заңды тұлғалардың жеке не мүліктік құқықтарының туындауына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына байланысты болатын фактілерді анықтайды.

Сот аз. Ж-нің талап арызын қанағаттандырып, азаматтық хал актілері жазбаларының дұрыс еместiгiн анықтады.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Железин аудандық сотының баспасөз қызметі